«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Педагогикалық шеберлік конкурстары педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтау және зерделеу, білім беру жүйесін дамытуға және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізіледі.Конкурстарға қатыса отырып, педагог жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу, инновациялық технологияларды практикаға енгізу, жұмыстың белгілі бір нәтижелерін көрсету, сондай-ақ сындарлы өзін-өзі талдау, өз қызметін сырттай бақылау тәжірибесіне ие болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы белгілі бір кәсіби мәртебеге ие болғысы келетін, педагогикалық шеберлігін арттыруға деген ұмтылысы бар педагогтер үшін 1-2 наурыз күндері Алматы қаласының «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық кезеңінің жеңімпаздары, еңбек өтілі кемінде 5 жыл (конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес) білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің, «НЗМ» АҚ-ның өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаз педагогтері, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатыса алады.Командалық авторлық жұмыстар қарастырылмайды. Конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді.

Республикалық Конкурсқа үміткерлерді ұсыну:білім басқармаларымен, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептердің педагогтері үшін «НЗМ» АҚ Басқармасы (ұйымның бірінші басшысымен бекітілген), оқу-әдістемелік орталық басшылары.

Конкурстың қорытынды кезеңі келесі бағыттар бойынша өтеді:

1) білім берудегі менеджмент (мектеп басшылары, басшылардың

орынбасарлары);

2) бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім;

3) психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану, тәрбие жұмысы сабақта ж/е сабақтан тыс уақытта, қосымша білім беру саласындағы педагогтер;

4) ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия,

биология, география, экология) пәндері;

5) физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика);

6) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті);

7) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (тарих,құқық негіздері, экономика);

8) эстетикалық пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық).

Конкурсқа қатысу туралы сұранысты (білім басқармасының басшысымен бекітілген) және авторлық бағдарламаның электрондық нұсқасын а.ж. 15 ақпанға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: e-mail: g.berdenova@daryn.kz. Тиісті мекеме басшысымен бекітілген әр қатысушыға 16 ақпанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Yzdikaftor-2022 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысушылардың авторлық жұмыстарының көшірмесі болуы тиіс. Авторлық жұмысын қорғау үшін 7 (жеті) минут беріледі. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары және «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.

Іс-сапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы, жататын орны). Конкурсқа қатысушылардың келу күні 28 ақпан, аяқталуы 2 наурыз сағат 15.00-ден кейін.

«Алтын Қарғалы» шипажайында бір адамға тұру құны (3 мезгіл тамақтануы, бассейн) 10 000 теңге (он мың теңге).

Шипажайдың мекен-жайы: Алматы қ., Жандосова, 204 үй, (кіру Асқаров көшесі жағынан). Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 57-01-42

=========Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz