“Ақберен” өнер байқауының қорытындысы

Астана қаласында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Дарындылар додасына еліміздің барлық өңірлерінен 130 өнерпаз қатысып, 6 номинция бойынша өзара мықтыны анықтады.

 

Ауқымды шараның жеңімпазары мен жүлдегерлерін құттықтаған ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова жас жеткіншектердің бойында ұлтымыздың мәдениеті мен тарихы, ана тілімізге деген құрметті  ұялатуда «Ақберен» сияқты байқаулардың маңызы зор екендігін атап өтті.

 

– Еліміздің әлеуеті сіздер сияқты өнерлі, дарынды жастардың қолында. Тек жақсы білім мен тәрбие алып қана қоймай, осындай биік белестерді бағындыра беріңіздер. Сіздерді жан-жақты қолдап, шығармашылықтарыңызға шабыт беріп жүрген ұстаздарыңызға, өңірдегі “Дарын” орталықтарына алғыс айтамын, – деді. 

 

Байқаудың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 12 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 6 оқушыға арнайы номинациялық диплом, 14 оқушы арнайы грамота табысталды.

 

Жеңімпаздар:

  • 1.«Шешендік, білгірлік сайысы» – Еңілік Тілеухан, Ақмола облысы;
  • 2.«Көркем сөз оқу» – Райхан Асхатқызы, ШҚО;
  • 3.«Эссе жазу» – Нұрғиса Әбдіқалық, Шымкент қ.;
  • 4.«Ұлттық аспапта өнер көрсету» – Бақдәулет Жанабек, Жамбыл облысы;
  • 5.«Ақындар айтысы» – Айсұлу Жүнісбек, Жамбыл облысы,
  • 6.«Ақындар мүшәйрасы»  – Мәди Айтқұлов, Ақтөбе облысы.

 

Командалық есепте 3 орынды Ақмола, Павлодар облыстарының командасы, 2 орынды Жамбыл облысы, ал 1 орынды Астана қаласы жеңіп алды. 

Құттықтаймыз!

Фото/видеоматериалдар “АҚБЕРЕН-2022”