Физика пәнінен оқушылардың жыл сайынғы Халықаралық ашық олимпиадасы

Ақпарат хат

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті физика-техникалық факультетінің базасында физика пәнінен оқушылардың жыл сайынғы Халықаралық ашық олимпиадасы өткізіледі.
Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдерінің жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 11 сынып оқушылары шақырылады.
Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша, орысша және ағылшынша.
Олимпиаданың ашықтығы мен әділ өтуін қамтамасыз ету үшін олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессорлық-оқытушылар құрамынан және өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім басқармасының өкілдерінен құрылады.
Физикадан халықаралық олимпиада 3 (үш) кезеңде өтеді.
1 кезең 2023 жылдың 30 қаңтарында басталады және 5 ақпанға дейін онлайн-тестілеу форматында жалғасады.
Қатысушылар Google Chrome браузерін пайдаланып https://olympiads.buketov.edu.kz сайтына өтіп қатысу тіліне сәйкес келетін «Физика олимпиадасы», «Олимпиада по физике» немесе «Physics Olympiad» белгіні таңдап, ресми Google акаундты пайдаланып тіркелуі қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталғаннан кейін дереу шығарылады. 10 және одан жоғары балл жинаған қатысушылар 2 және 3 турға қатыса алады. Қатысуға шақыру тіркеу кезінде көрсетілген қатысушының электрондық поштасына жіберіледі. Деректерді енгізуге қатысушы тарап жауапты болады.
2 кезең (теориялық) офлайн форматта 2023 жылдың 23 ақпанында сағат 14:00-де Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің №2 оқу ғимаратының №210 аудиториясында Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді.
3 кезең (эксперименттік) 2023 жылдың 24 ақпанында сағат 10:00-де Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің №2 оқу ғимаратының №210 аудиториясында Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді.
Физика пәнінен ашық халықаралық олимпиаданың жабылу және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2023 жылдың 24 ақпанында сағат 16.00-де жоғарыда аталған оқу ғимаратының №1 кеңейтілген дәрісханасында өтеді.
Халықаралық олимпиада өткізілетін күндері олимпиадаға қатысушылардың тамақтануы мен тұруы, сондай-ақ жол шығындары жіберушінің есебінен жүзеге асырылады. Олимпиаданы офлайн форматында өткізу кезінде қонақтар кездесуін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұйымдастырады.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 11-сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша халықаралық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастыру комитетінің шешімімен I, II және III дәрежелі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Олимпиада бойынша сұрақтарыңыз туындаған жағдайды Философия докторы (PhD) Сериков Тимур Маратовичқа хабарласуларыңызды сұраймыз, байланыс телефоны: 87010354435