АСТАНАДА ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА 57-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

👨‍🔬Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысатын болады. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және т.б. Бразилия құрамасы Халықаралық Менделеев олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.

Командалардың құрамы республикалық химия олимпиадаларының қорытындысы бойынша анықталады.

⚙️Жобаны қабылдаушы тараптан — Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, ал Ресей тарапынан дәстүрлі түрде М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мен Андрей Мельниченко Қоры ұйымдастырады.

💬"Еліміздің аумағында химия пәнінен оқушыларға арналған Халықаралық Менделеев олимпиадасы төртінші рет өткізілуде. Биыл Астана қаласында негізгі іс-шаралар өтуде. Атап айтқанда, балалар Назарбаев Университетінің зертханалары мен аудиторияларында өз дағдыларын көрсететін болады. Техникалық жарақтандыру осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келеді", - деді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

⚗️Олимпиада алты күнге созылады және үш турдан тұрады: екі теориялық және бір практикалық. Күрделілігі бойынша бірінші турдың міндеттері мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші турда қатысушыларға химияның бес бөлімінен жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады: органикалық, бейорганикалық, аналитикалық және физикалық химия, сондай-ақ тіршілік тану.

🏆Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алтын, күміс, қола медальдар тапсырылады. Байқаудың абсолютті жеңімпазына Андрей Мельниченко Қоры атынан академик Валерий Лунин атындағы сыйлықпен марапатталады.

🎥Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.