ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БЕС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Бүгін, Жапонияның Токио қаласында физикадан халықаралық олимпиада (IPhO-2023) өз мәресіне жетті.

83 мемлекеттің 415 оқушысы арасында өткізілген физика пәні бойынша ең үлкен жарыста Қазақстанның ұлттық құрама командасы 4 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды.

«Оқушылар өз білімдерін екі турда көрсетті. Бірінші тур орта мектепте оқытылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық мәселелерді шешуге арналған. Екінші тур – эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстарды орындайды. Қорытындылар жеке есепте шығарылады. Барлық тапсырмалар мазмұнды да қызықты болды. Олардың шешімі ойлана білу мен зеректікті және тапқырлықты қажет етті. Біздің команда теориялық турда тамаша нәтиже көрсете білді. Биылғы жылы біздің құрама тәжірибелі олимпиадашылардан құралды, біз қол жеткізген нәтижеге ризамыз», – дейді топтың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.

Қазақстанның ұлттық командасына бес қатысушы болды және олар, 100% көрсеткішке қол жеткізді:

Күміс медаль – Ерсұлтан Пітебай – Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» 12 сынып оқушысы;

Күміс медаль – Алишер Еркебаев – Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» 12 сынып оқушысы;

Күміс медаль – Маргулан Нурсагатов – Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы;

Күміс медаль – Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Даир Нуртаев – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Құрама команданың жетекшілері  – Самат Максутов, PhD докторы, Сүлейман Демирел университетінің доценті және Андрей  Сидоренко, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты.

«Оқушыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жыл сайын олимпиадашыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әлемдік білім форумында ел туын мақтанышпен көтеріп жүр! Ата-ана тәрбиесі мен тағылымы, ұстаздар мен жаттықтырушылар берген білім өз жемісін беруде. Сол үшін оларға құрмет пен алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да табыстар мен биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз», – дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов оқушыларды құттықтау сөзінде. Айта кетсек, физикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар аралығында ұлттық құрама командамыз 114 жүлде алды, олардың 14-і алтын, 45-і күміс, 29-і қола медалдар мен 25 құрмет грамотасы.