Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде мектеп пен мұғалімдердің алдында тұрған бірінші негізгі сұрақ: «21 ғасырда оқушылар нені үйренуі керек?», «Білім мен тәрбие жүйесінде қандай құндылықтарды қалыптастыру маңызды?», «Мұғалім жаңа заманауи балаланы қалай дайындауы керек?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 15-17 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университеті (Алматы облысының Қаскелен қаласы) базасында «Білім және ғылым жүйесін модернизациялаудың ғылыми негіздері» ҚР ОАМ ҒТБ БМҚ (2021-2023) Тір. № OR11465474 іске асыру аясында мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» республикалық тақырыбында педагогикалық конференциясын (бұдан әрі – педагогикалық конференция) өткізеді.
Педагогикалық конференцияның мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.
Педагогикалық конференция жұмысына аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, орталық қызметкерлері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары қатысады.
Педагогикалық конференция барысында педагогикалық салада тәжірибе алмасуды, педагогтардың әртүрлі идеяларын, дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін енгізуді қамтитын мәселелер талқыланады.
Конференцияның пленарлық отырысы 2023 жылғы 16 тамызда сағат 10.00-де Сүлейман Демирель атындағы университеттің Red Hall өтеді.
Университеттің мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі- 1/1.
Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мекен-жайына хабарласуға болады:
Астана қ., «Дарын»РҒПО, «Алтын Орда» БО, 301 кабинет.
Байланыс телефон: 8 701 292 36 12