Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды (EJOI-2023)
Ағымдағы жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Қазақстан құрама командасы информатика бойынша еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (EJOI-2023, Кутаиси қаласында, Грузия) қатысты. Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 24 елінен 96 қатысушы қатысты.
EJOI халықаралық Информатика олимпиадасының (IOI) ережелері мен стандарттарын ұстанады. EJOI-маңызды оқиға, Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерде ІТ-индустриясының элитасын дамытудағы қадам.
Қазақстан құрама командасы қорытынды бойынша 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды:
1. Алтын - Мамадахунов Мансур - Қызылорда қаласы, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
2. Күміс - Серікбай Сұңғат - Тараз қаласы, Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты 10-сынып;
3. Күміс - Аменов Әлем - Семей қаласы, Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты 9-сынып;
4. Қола - Алдамжаров Әлишер - Алматы қаласы,«Республикалық физика-математика мектебі» 10-сынып.
Команда жетекшілері Сатылханов Темірлан Қайратұлы Astana IT университетінің оқытушысы және Нурмаш Айдос халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Біздің құраманы олимпиададағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз!