«Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты республикалық семинардың ақпарат хаты

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша кешенді шаралар қабылдау аясында “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-Орталық) ауыл мектептерін қолдау және оларға тәлімгерлік көмек көрсету мақсатында мамандандырылған білім беру ұйымдары, ауыл мектептеріне “КӨМЕКTІМЕЅ” тәлімгерлік жобасын жүзеге асыруда.
Аталған жобаның мақсаты-мектептердің білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді кешенді шешуде ауыл мұғалімдеріне практикалық көмек көрсету.
Жоба барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің қажеттілігін айқындау үшін түрлі сауалнамалар алынып, кездесулер өткізіліп, кездесу барысында жоба жұмысы талқыланып, жоспар құрылып, міндеттер жүктеліп, “әкімшілік – әкімшілікке”, “мұғалім-мұғалімге”, “психолог – психологқа” және т.б. тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша байланыстар орнатылды.
Осыған орай, «Дарын» орталығы 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 19-20 қазан аралығында Түркістан облысының білім басқармасының «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» базасында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты республикалық семинарын өткізеді.
Семинарға шағын жинақты мектептермен жұмыс жөніндегі облыстық орталықтардың өкілдері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, дарынды балаларға арналған мектептердің мұғалімдері шақырылды.
Семинарға келу күні 18 қазан, аяқталуы 20 қазан сағат 17.00-ден кейін..
Іс-сапар шығындары (жолы, тұруы, тамағы) жіберуші жақтың есебінен.
Семинарға келу күні – 18 қазан, аяқталуы – 20 қазан (17.00 -ден кейін)
Семинарға қатысу үшін сұраныстар http://tiny.cc/SDseminar2023 сілтемесі арқылы а. ж. 13 қазан, сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Республкалық семинарға қатысушылар «Асыл бұлақ» шипажайында тұруға болады. Шипажайда тұру және үш мезгіл тамағы бір адамға тәулігіне 10 000 (он мың) теңгені құрайды.
Өтетін орны: «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, Сарыағаш қ., Майлықожа көшесі, 20Б үй.
Семинарды ұйымдастыру және өткізу мәселелер бойынша Нуржанов Жанкельдин Танирович 87716688712, Есенов Танирберген Калыбаевич 87021473512 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.