МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Робототехника - жас энтузиастар мен кәсіпқойлар үшін инновациялар әлеміне енуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, практикалық міндеттерді шешуге және қоғамға нақты пайда әкелуге тамаша мүмкіндік.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп, 2025 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-9 қаңтар аралығында мамадандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Сулейман Демирель университеті базасында РОБОТТАР  ФЕСТИВАЛІН    (бұдан әрі-Фестиваль) өткізеді.

Фестивальдің мақсаты - STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Фестивальға мамандандырылған білім беру ұйымдарында  робототехникамен айналысатын оқушылар шақырылып отыр.

Фестивальға келу күні – 7 қаңтар, аяқталуы – 9 қаңтар (18.00- ден кейін)

Іссапар шығындары (бару және қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сулейман Демирель университетінің мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1.

Фестивальға қатысушылар Сулейман Демирель университетінің жатақханасында тұра алады. Тұруы, тамақтануы тәулігіне – 9650 теңге. (Жатаханада тұру құны 5000 т., үш мезгіл тамақтану 4650 т)

Фестивальға қатысу туралы сұранысты (Мамандандырылған білім беру ұйымының басшылығымен бекітілген) а.ж. 20 желтоқсанына дейін берілген үлгі бойынша b.seidimkhan@daryn.kz почтасына жіберуіңізді сұраймыз:

Үлгі:

.№ Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

ЖСН Облыс,

мектебі

Команданың аты Команданың жетекшісі (тел:) Қатысушының

Байланыс телефоны

Қатысушының

Е-mail:

Қонақ үйдің қажеттілігі
 

Әр қатысушыға 20 желтоқсанға дейін міндетті түрде төмендегі QR код   сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Фестивальдің  ережесі мен тіркелу сілтемесі

 

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарындағы робототехника тақырыбы маңызды және өзекті болып отыр. Робототехника жобалауды және роботтар жасауды қамтиды, бұл балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқушылар проблемаларды шешудің түрлі тәсілдерін зерттеп, әртүрлі конструкциялар құра алатын болады. Олар роботты басқару үшін іс-әрекет жоспарын жасауды үйренеді және уақытында өзінің іс-әрекетінің нақты нәтижелерін көреді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-9 қаңтар аралығында мамадандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сулейман Демирель университеті базасында РОБОТТАР  ФЕСТИВАЛІН  (бұдан әрі-Фестиваль) өткізеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты- «Робот» ойынының тапсырмасын орындау арқылы ғылыми-зерттеу, бағдарламалау және инженерия саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту.

Фестивальға мамандандырылған білім беру ұйымдарында  робототехникамен айналысатын оқушылар шақырылып отыр.

Фестивальға келу күні – 7 қаңтар, аяқталуы – 9 қаңтар (18.00- ден кейін)

Іс-сапар шығындары (бару және қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сулейман Демирель университетінің мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1

Фестивальға қатысушылар Сулейман Демирель университетінің жатақханасында тұрады. Тұруы, тамақтануы тәулігіне – 10 250 теңге. (Жатаханада тұру құны 5 000 т., үш мезгіл тамақтану 5 250 т)

Фестивальға қатысу үшін а.ж. 28 желтоқсанына дейін әр топ жаттықтырушысы, міндетті түрде өз топтарын келесі сілтемелер арқылы тіркеу қажет:

FLL Explore (6-10 жас аралығында): https://forms.gle/CU6dexXA4vfD78ocA

FLL Challenge (10-16 жас аралығында): https://forms.gle/zwzktdtZNGe7TVso7

FTC (12-18 жас аралығында): https://forms.gle/xSfn9aXz76pd14dd7

Фестиваль жайлы толық ақпаратты келесі сілтемеден таба аласыздар: https://t.me/firstkazakhstan

Фестивальді өткізу жөніндегі ақпарат пен Ереже «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтына орналастырылған.

Фестивальді ұйымдастыру және өткізу мәселелер бойынша 87757639790, 87473777747 байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыздар.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми жаңалықтардың ішінде адамзатты таңғалдырып, өскелең ұрпақты техникалық мамандықтарға қызықтырып жүрген жаңа сала. Адам интеллектісіне сәйкестендіріп құрылған Роботтар көпшілікті қызықтыратыны белгілі. 

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 10-11 қаңтар аралығында мамадандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сулейман Демирель университеті базасында РОБОТТАР  ФЕСТИВАЛІН (бұдан әрі-Фестиваль) өткізеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты- «Робот» ойынының тапсырмасын орындау арқылы ғылыми-зерттеу, бағдарламалау және инженерия саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту.

Фестивальға мамандандырылған білім беру ұйымдарында  робототехникамен айналысатын оқушылар шақырылып отыр.

Фестивальға келу күні – 9 қаңтар (орналасу және дайындық жұмыстары жүргізіледі), аяқталуы – 11 қаңтар (17.00- ден кейін)

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, бару және қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сулейман Демирель университетінің мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1

Фестивальға қатысушылар Сулейман Демирель университетінің жатақханасында тұрады. Тұруы, тамақтануы тәулігіне – 8250 теңге. (Жатаханада тұру құны 4000 т., үш мезгіл тамақтану 4250 т)

Фестивальға қатысу туралы сұранысты (Мамандандырылған білім беру ұйымының басшылығымен бекітілген) а.ж. 28 желтоқсанына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Мәңгілік ел  даңғылы 8, тел.: 8/7172/ 57-01-42, e-mail: baktiyar_s@daryn.kz

Әр қатысушыға 28 желтоқсанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Robofestival2023  сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Үлгі:

.№ Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Облыс,

мектебі

Команданың аты Команданың жетекшісі (тел:) Қатысушының

Байланыс телефоны

Қатысушының

Е-mail:

Қонақ үйдің қажеттілігі

Фестивальға еліміздің әр аймағынан робототехникамен айналысатын 159 оқушы қатысады.

Фестиваль 2023 жылғы 10-11 қаңтар аралығында Сулейман Демирель университеті базасында өткізіледі.

«Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми жаңалықтардың ішінде адамзатты таңғалдырып, өскелең ұрпақты техникалық мамандықтарға қызықтырып жүрген жаңа сала. Соңғы жылдары қазақстандық мектеп оқушылары робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында біздің балалар Женевада өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE дүниежүзілік робототехника жарысында жеңіске жетті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларымыз Дортмунд қаласында өткен халықаралық робототехника олимпиадасына алғаш рет қатысып, екінші орынды иеленді. Бұл жеңістердің барлығы біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. Мектеп оқушылары арасында робототехниканы танымал ету және дамыту мақсатында министрліктің қолдауымен «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, біз мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған республикалық РОБОТ ФЕСТИВАЛІН алғаш рет өткізіп отырмыз. Оған робототехникамен айналысатын 159 оқушы қатысады. Фестиваль жеңімпаздары бұдан әрі «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысу үшін Қазақстан құрама командасына ену мүмкіндігіне ие болады, - дейді «Дарын» орталығының директоры Ануар Унайбеков.

Айта кететін жайт, Фестиваль FIRST халықаралық ережелері бойынша өткізіледі. Бірінші бағыт FIRST LEGO League Challenge 10-16 жастағы мектеп оқушылары роботты зерттеу, проблемаларды шешу, кодтау және инжинирингтеу, құруастыну және бағдарламалаумен айналысады. Екінші бағытта FIRST Tech Challenge 12-18 жастағы оқушылар өздері жобалаған, бағдарламалаған және құрастырған роботтарды қолдана отырып, 3,65 x 3,65 метрлік ойын алаңдарында жарысқа қатысады.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.