Ағ.ж. 9 және 10 қаңтарыда Қаскелең қаласындағы SDU базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өткізілді.
Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және USTEM Robotics қоғамдық қоры.
Фестивальге робототехникамен айналысатын 400 оқушы қатысты.
Фестиваль FIRST халықаралық ережелері бойынша үш санатта FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FTC (12-18 жас) өткізілді.
Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Астана қаласында өтетін «FIRST Robotics» Орталық Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болған 17 команда анықталды.
Олар, FIRST Tech Challenge байқауы бойынша:
Sipinine – Көкшетау қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;
UNO – Алматы қ. №124 мектебінің командасы;
The Echoes – Алматы қ. №124 мектебінің командасы;
Driver F1 – Алматы қ. №39 лицейінің командасы;
BIL_barbie – Алматы қ. қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейінің командасы;
Spark team – Ақтау қ. «Білім-инновация лицей-интернаты» командасы;
Point – Алматы қ. №208 мектеп-гимназиясының командасы.
Дәл осы санат нәтижесі бойынша ағ.ж. 9-10 наурызында Кипрде өтетін ашық чемпионатқа лицензия иегерлері:
Zhamakaev 145 – Алматы қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ФМБ командасы;
Sana team – Алматы қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;
Queue Team – Алматы қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;
PID – «Alem Innovation Centre» мектебінің командасы.
FIRST LEGO League Challenge байқауының нәтижесі бойынша:
Endeavour – Ақтөбе қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;
Tolebi – Түркістан обл. Төлеби ауданы Дарын» мектеп-интернатының командасы;
SkyLight – Тараз қ. «IT lyceum» командасы;
Armada – Тараз қ. «IT lyceum» командасы;
QSTEM STARS – Алматы қ. «TAMOS EDUCATION» мектебінің командасы;
Vegapunk – «Fiztex school» мектебінің командасы.
Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!