АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ: ОЛИМПИАДАНЫҢ I ТУРЫ

🎙️Бүгін, 15 қаңтарда бағдарламаға сәйкес қатысушылар ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші турының тапсырмаларын орындауда.

🧊Пәндер мен тапсырмалардың ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысына келесі уақыт берілді:

Математика (4 сағат);

• Физика (4 сағат);

• Информатика (4 сағат);

• География (3 сағат);

• Химия (2 сағат 30 минут);

• Биология (2 сағат).

🕹️Бірінші турдан кейін «Астана достарын қарсы алады» бағдарламасы ұйымдастырылып, олимпиада қатысушыларына ақпараттық технологиялар бойынша еліміздің жетекші ЖОО бірі Astana IT University есігін айқара ашады.

🛜Команда жетекшілері үшін екі күнге созылатын «Дарынды және жоғары ынталы оқушыларды дамыту үшін педагогикалық бағдарламаларды әзірлеудің заманауи тәсілдері» республикалық семинары өтеді.

⏯️Сонымен қатар, қатысушыларға кешкі астан кейін психологиялық тренинг жоспарланған.