АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ: ОЛИМПИАДАНЫҢ II ТУРЫ

🎙️16 қаңтар күні елордамызда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың екінші туры аяқталды.

👨‍🔬Онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1 000-нан астам оқушы қатысты.

🧊Олимпиадалық пән ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындауға әр түрлі уақыт бөлінді, математикадан (4 сағат), информатикадан (4 сағат), физикадан (2 сағат 30 минут), химиядан (2 сағат 30 минут), биологиядан (2 сағат) және географиядан (1 сағат 30 минут).

🛂Олимпиада барысын ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары қадағалады.

🛜Екінші тур тапсырмалары мен шешімдері, хаттамалары, оқушылардың шифрланған жұмыстары daryn.kz сайтына жүктелді. Сонымен қатар, YouTube арнасында тікелей көрсетілімдер жүргізілді.

🏛️Күннің екінші жартысында қатысушылар Орталық Азиядағы ең жас және ең үлкен мұражай – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат жасады.

🌿Сондай-ақ, кешкілік уақытта қатысушылар үшін психолог мамандармен ойын-тренингтер ұйымдастырылды.

🖇️17 қаңтар, олимпиаданың тапсырмалары мен шешімдерін талдау және үйлестіру күні.

🔰Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың қорытынды кезеңінің турлары Астана қаласында бес базада өтуде. Олар, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Аstana IT University, Әлихан Бөкейхан атындағы Binom School, Radisson Astana Hotel және «Думан» қонақ үйі.

💠Бүгінгі күнге қатысушыларға сәттілік тілейміз.