АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ: ОЛИМПИАДАНЫҢ II ТУРЫ

🎙️Бүгін, Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың екінші туры басталды.

👨‍🔬Онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500-ге жуық оқушы қатысуда.

🧊Олимпиадалық пән ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындауға әр түрлі уақыт бөлінді: қазақ тілі және әдебиетінен (2 сағат); Қазақстан тарихы (1 сағат); құқық негіздері (1 сағат); қазақ мектептеріндегі орыс тілі (1 сағат); орыс тілі және әдебиеті (2 сағат); орыс мектептеріндегі қазақ тілі (ауызша); ағылшын тілі (ауызша).

🛂Олимпиада барысын ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары қадағалауда.

🛜Екі турдың тапсырмалары мен шешімдері, хаттамалары, оқушылардың шифрланған жұмыстары daryn.kz сайтына жүктеледі. Сонымен қатар, YouTube арнасында тікелей көрсетілімдер жүргізілуде.

🏛️Күннің екінші жартысында қатысушылар Орталық Азиядағы ең жас және ең үлкен мұражай – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барады.

🌿Сондай-ақ, кешкілік уақытта қатысушылар үшін психолог мамандармен ойын-тренингтер ұйымдастырылады.

🖇️24 қаңтар, олимпиаданың тапсырмалары мен шешімдерін талдау және үйлестіру күні.

🔰Олимпиаданың қорытынды кезеңінің турлары Астана қаласында «Думан» қонақ үйі базасында өтуде.