ХІХ «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 2-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ КОНКУРСЫНА 366 ЖҮЛДЕГЕР ҚАТЫСАДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО бастауыш және орта сынып оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан «Щучинский» шипажайының базасында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткізеді.

Конкурстың секциялары: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер.

Конкурсқа республиканың барлық облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, «Республикалық физика-математикалық мектебі» КеАҚ, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО мектептерінен аудандық кезеңге 27 071 зерттеу жұмыспен 31 340 бала қатысса, облыстық кезеңге 6 472 жұмыспен 7 568 оқушы қатысып бақтарын сынады.

Конкурстың қорытынды кезеңіне әр секция бойынша жас ерекшелігіне сәйкес (кіші жастағы топ – 2-4 сыныптар, орта жастағы топ – 5-7 сынып) облыстық кезеңде 1-ші орын алған 302 жұмыспен 366 жеңімпаз топтық және жеке зерттеу жобаларымен келіп қатысады.

Конкурстың ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Конкурс қатысушыларының жалпы санынан 60% марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Сондай-ақ барлық оқушыға қатысушы сертификаттары мен брендтелген футболкалар беріледі.

Өту күндері: 2024 жылғы 30 қаңтар – 1 ақпан.

Өту орны: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Щучинский» шипажайы