Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 314 оқушы қатысты.
Барлығы 138 марапат сарапқа салынды: бірінші орын – 28, екінші орын – 45 және үшінші орын – 65.
Марапаттау рәсімінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов сөз сөйледі.
«Құрметті жаратылыстану-математика пәндері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылар! Сіздерді жарыстың сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңыздың еңбек сүйгіштік пен табандылығыңыз, білімге деген құштарлығыңыз өз нәтижесін берді. Сіздер күрделі тапсырмаларды шешуде нағыз дарындылық көрсеттіңіздер. Бүгінгі жеңістеріңіз білім жолында жаңалықтар ашатын ұзақ та қызық жолдың бастамасы болсын. Ғылым мен білім әлемінде алдағы уақытта да табыстар, жаңа биіктер мен ұмытылмас сәттер тілеймін! Сіздерді алда әлі талай жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін!», – деді орталық басшысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық командалар марапатталды:
III орын – «РФММ» КеАҚ, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
II орын – Алматы қаласы мен Павлодар облысы;
I орын – Астана қаласы, Ақтөбе мен Түркістан облыстары.
Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы жеңіп алды.
Айта кетсек, 7-8 сынып олимпиаданың бастапқы кезеңіне 95 282 оқушы қатысса, облыстық кезеңге 9 599 қатысты. Бұл көрсеткіштер жарыстың жоғары деңгейін және маңыздылығын көрсетеді.
2024-2025 оқу жылы
Аудандық кезең
2023-2024 оқу жылы
Республикалық кезең
Тікелей көрсетілім 21.05.2024
Пән | Сілтеме |
Математика, Физика-1 | Қарау |
Математика, Физика-2 | Қарау |
Математика, Физика-3 | Қарау |
Математика, Физика-4 | Қарау |
Химия-1 | Қарау |
Химия-2 | Қарау |
Химия-3 | Қарау |
Химия-4 | Қарау |
Биология-1 | Қарау |
Биология-2 | Қарау |
География-1 | Қарау |
География-2 | Қарау |
География-3 | Қарау |
Информатика-1 | Қарау |
Информатика-2 | Қарау |
Информатика-3 | Қарау |
Информатика-4 | Қарау |
Облыстық кезең
Аудандық кезең
Олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу туралы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 95 282 оқушы қатысады.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиада екі бағыттағы пәндер бойынша өтеді:
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
- Қазақстан тарихы
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
- Ағылшын тілі
Жаратылыстану-математикалық бағыт
- Математика
- Информатика
- География
- Физика
- Химия
- Биология
Олимпиада 7 сыныптар үшін 7 ақпан Астана уақытымен сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері;
Астана уақытымен 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері;
Олимпиада 8 сыныптар үшін 8 ақпан Астана уақытымен сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері;
Астана уақытымен 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты пәндері.
2022-2023 оқу жылы
Тапсырмалар мен шешімдер
Пәні/Предмет | Тапсырмалар/Задания | Шешімдер/Решения |
Математика | 7-8 сыныптар/классы | 7-8 сыныптар/классы |
Физика | 7-8 сыныптар/классы | 7-8 сыныптар/классы |
Химия | 7-8 сыныптар/классы | 7-8 сыныптар/классы |
Биология | 7-8 сыныптар/классы | 7-8 сыныптар/классы |
География | 7-8 сыныптар/классы | 7-8 сыныптар/классы |
Информатика | 7-8 сыныптар/классы | 7-8 сыныптар/классы |
Қатысушылардың жұмыстары
Пәні/предмет | Сілтеме/Ссылка |
Математика | Қарау/смотреть |
Физика | Қарау/смотреть |
Химия | Қарау/смотреть |
Биология | Қарау/смотреть |
География | Қарау/смотреть |
Онлайн трансляция
2021-2022 оқу жылы
РЖО қорытынды хаттамасы
Пән | Қорытынды хаттама | |
1 | Биология | 7 сынып/класс |
2 | Химия | 7 сынып/класс |
3 | Математика | 7 сынып/класс |
4 | Физика | 7 сынып/класс |
5 | Информатика | 7 сынып/класс |
РЖО тапсырмалары мен шешімдері, хаттамалары (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ)
№ | Пән | Тапсырмалар | Шешімдер | Қатысушылар жұмыстары | Хаттамалар |
1 | Биология | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7-8 сынып/класс |
2 | Физика | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7-8 сынып/класс |
3 | Математика | 7-8 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7-8 сынып/класс |
4 | Информатика | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7-8 сынып/класс |
5 | Химия | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7 сынып/класс | 7-8 сынып/класс |
2020-2021 оқу жылы
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу туралы қорытынды ақпарат 2020-2021
Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада бір мезетте республиканың барлық облыстарда Oqylyk.kz. платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді. Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне 466 оқушы қатысты. Оның ішінде 7 сыныптар арасында I - дәрежелі дипломмен 23 оқушы, II - дәрежелі дипломмен 34 оқушы, III - дәрежелі дипломмен 46 оқушы марапатталды. 8 сыныптар арасында I - дәрежелі дипломмен 22 оқушы, II - дәрежелі дипломмен 35 оқушы, III - дәрежелі дипломмен 53 оқушы марапатталды.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қорытындысын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/hOwV9Ggkepk
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізу туралы қорытынды ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) аяқтады.
Ағымдағы оқу жылында пандемияға байланысты Олимпиада қашықтықтан 2 кезеңде математика, физика, биология, химия, информатика және география пәндері бойынша республиканың білім беру мекемелерінің 8 - 9 сынып оқушылары үшін 7 - 8 сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша өткізілді.
Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.
Облыстық кезеңге 558 білім беру ұйымдарынан 1992 мектеп оқушылары қатысты. Математика - 376, физика - 346, химия - 308, биология - 352, информатика - 327, география - 283 қатысушы.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 510 жеңімпаз бен жүлдегер ZOOM және EXAM.NET платформалары арқылы қашықтықтағы форматта 2020 жылы 28 қазанда өткен республикалық кезеңге қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломдармен - 43 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 71 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 119 оқушы. Барлығы 233 жеңімпаз бен жүлдегер.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүлделі орындарға сәйкес облыстар арасындағы рейтингті қорытындылады. Дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қ. қатысушылар командасы бірінші орынды иеленді (22 марапат), Павлодар облысының командасы екінші орынды (21 марапат), үшінші орынды Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының (16 марапат) командалары иеленді.
Мектептердің рейтингі халықаралық спорттық және интеллектуалды олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша есептелді: алдымен алтын медальдардың саны, содан кейін – күміс және қола медальдар есептеледі.
Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұстаздар мен ата-аналарды олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!