Қазақстандық оқушылар IGeO-2024 халықаралық олимпиадасында жеңіске жетіп, төрт медаль иеленді

🇮🇪Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 географиядан халықаралық олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары жетістіктерге жетті. Әлемнің 50 елінен жиналған 200-ге жуық оқушы қатысқан байқауда еліміздің командасы бір күміс және үш қола медаль жеңіп алып, 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізді.

🏆Жүлдегерлеріміз:

🥈Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

🥉 Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

🥉 Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;

🥉 Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.

👨🏻‍🏫Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — бөлім басшысы.

☘️Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және оларға болашақта да сәттілік тілейміз!

ℹ️Анықтама: IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бері IGU Халықаралық географиялық одағының қолдауымен өткізіліп келеді. Қазақстан құрамасы 2023 жылы бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды.