Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Олимпиада оқу жылы бойы төрт кезеңде өткізіледі

  1. Бірінші (мектеп) кезең ағымдағы оқу жылының 30 қарашасынан кешіктірілмей өткізіледі. Барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Қатысу үшін өз мектебіңізге жүгінуіңіз қажет.

2.Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді  ауданның/қаланың білім бөлімдері жүзеге асырады. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыса алады.

3.Үшінші (облыстық) кезеңді облыстардың/қалалардың білім басқармалары/Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ республикалық білім беру ұйымдары, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Республикалық физика-математика мектебі  жүзеге асырады.

Облыстық кезеңге мектеп оқушылары аудандық қалалық кезеңдердің І, ІІ, ІІІ  дәрежелі диплом иелері қатысады.

4.Үшінші (облыстық) кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, егер олар қаласа, жыл сайын Алматы қаласында наурыз айының бірінші онкүндігінде өтетін Халықаралық қашықтықтағы Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасына және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасына қатыса алады.

Үшінші (облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, мамандандырылған физика-математика мектептерінің оқушылары, алынған ұпай санына сәйкес, мамандандырылған мектеп оқушылары үшін математика, физика және информатика пәндерінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатыса алады. Оқушыларды рейтинг пен өтінім бойынша іріктеуді «Дарын» өңірлік орталықтары/облыстық білім басқармалары жүзеге асырады.

  1. Төртінші (республикалық) кезең республиканың әртүрлі аймақтарындағы жаратылыстану-математикалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар пәндерін бөлумен жүзеге асырылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңі наурыздың екінші онкүндігінде, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша наурыздың үшінші онкүндігінде/сәуірдің басында өтеді.
  2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері( ережеге сәйкес I,II дәрежелі диплом иегерлері), алынған ұпайлардың рейтингісіне сәйкес (ең жоғары басымдылық –ең жоғары балл), «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың ғылым негіздері бойынша олимпиадалық резерв мектебіне жазылу мүмкіндігі бар. Артықшылық соңғы екі жылдағы оқу-жаттығу жиындарының қатысушыларына беріледі, сонымен қатар  сол ұпайлармен ең жоғары ұпай жинаған республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері,7-8-9 сынып оқушылары басымдыққа ие.
  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Нау 11 - 19 2021

Labels

События Школьникам КАЗ