Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 25-30 сәуір аралығында «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсын өткізеді (бұдан әрі – Конкурс). 

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz  сайтында орналастырылған.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 2-11 сынып оқушылары қатыса алады. 2-4 сыныптарға арналған тапсырмалардағы сұрақтар саны 24, ал 5-11 сыныптарға арналған тапсырмалар саны 30 сұрақ.

Конкурсқа қатысу ерікті түрде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін https://games.daryn.kz/ сайтында аккаунт болу қажет. Аккаунттың болуы және енгізілген деректердің дұрыстығын (қатысушының аты-жөні) жеке кабинетке 2024 жылғы 17 сәуірден бастап (09:00-ден) 24 сәуірге дейін (20:00-ге дейін) осы сілтеме https://games.daryn.kz/students/index.php арқылы кіріп тексеру қажет. Егер қатысушының аккаунты болмаса немесе жеке кабинетте қатысушының аты-жөні дұрыс болмаса, 2024 жылғы 17 - 24 сәуір аралығында (20:00-ге дейін) https://games.daryn.kz сайтында тіркелу қажет. Көрсетілген сайтта тіркелу үшін әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын қолдануы тиіс.

Конкурстың басталуы ағымдағы жылдың 25 сәуірінде сағат 09:00-де, ал аяқталуы 30 сәуір күні сағат 20:00-де. Қатысушылар Конкурс тапсырмаларын көрсетілген мерзім аралығында өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану ұсынылады. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың                            6 мамырында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіру арқылы тексере алады.

Қосымша нұсқаулықтар https://games.daryn.kz/ сайтында жарияланды.

Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарын» РҒПО-ның  I, II, III дәрежелі дипломдары және сертификаттарымен марапатталады. Қорытынды нәтижелер 2024 жылғы 6 мамырында сайтта жарияланады.

Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2023 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсын өткізеді (бұдан әрі – Конкурс). 

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz  сайтында орналастырылған.

Бұл Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 2-11 сынып оқушылары қатыса алады. 2-4 сыныптарға арналған тапсырмалардағы сұрақтар саны 24, ал 5-11 сыныптарға арналған тапсырмалар саны 30 сұрақ.

Конкурсқа қатысу ерікті түрде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/  сайтында 24 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) тіркеуден өтулері қажет. Көрсетілген сайтта тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.

Конкурстың басталуы ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана уақыты бойынша сағат 09:00-де, ал аяқталуы 30 қыркүйек күні сағат 24:00-де. Қатысушылар Конкурс тапсырмаларын көрсетілген мерзім аралығында өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану ұсынылады. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2023 жылдың 4 қазанында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіру арқылы тексере алады.

Қосымша нұсқаулықтар https://games.daryn.kz/ сайтында жарияланды.

Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарын» РҒПО-ның  I, II, III дәрежелі дипломдары және сертификаттарымен марапатталады. Қорытынды нәтижелер 2023 жылғы 4 қазанда сайтта жарияланады.

Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2022 жылғы 7-10 қазан = (1, 2, 5, 6 сыныптар), 11-14 қазан = (3, 4, 7-11 сыныптар) аралығында «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсын өтткізеді (бұдан әрі – Конкурс). 

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz  сайтында орналастырылған.

Ережемен танысу.

Бұл Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады. 1-4 сыныптарға арналған тапсырмалардағы сұрақтар саны 24, ал 5-10 сыныптарға арналған тапсырмалар саны 30 сұрақ.

Конкурсқа қатысу ерікті түрде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/  сайтында 4 қазанға дейін (қоса алғанда) тіркеуден өтулері қажет. Көрсетілген сайтта тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет. Қатысу жарнасын төлеу қолжетімділігі ағымдағы жылдың 5 қазаннан бастап ашық болады. Конкурсқа қатысу жарнасын өтеу қатысушының жеке кабинетінен жүзеге асырылатын болады. Онлайн төлемді жеке кабинетте қатысушы өзіне ғана төлем жасайды.

Конкурстың басталуы ағымдағы жылдың 7 қазанында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:00-де, ал аяқталуы 11 қазанның 24:00-де. Қатысушылар Конкурс тапсырмаларын көрсетілген мерзім аралығында өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану ұсынылады. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2022 жылдың 17 қазанында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіру арқылы тексере алады.

Тіркеуден өту, қатысу жарнасын төлеу, жеке кабинетіне кіру және Конкурс тапсырмаларын орындау бойынша нұсқаулықтар https://games.daryn.kz/ сайтында қосымша жарияланатын болады.

Тіркелу жарнасының мөлшері әрбір қатысушы басына 500 (бес жүз) теңгені құрайды.

Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарын» РҒПО-ның  I, II, III дәрежелі дипломдары және сертификаттарымен марапатталады.

Қорытынды нәтижелер 2022 жылғы 17 қазанда сайтта жарияланады.

2022 жылдың 4-12 сәуірінде онлайн форматта өткен «Кенгуру – Математика барлығы үшін» ойын-конкурсына еліміз бойынша 1-11 сыныпта білім алатын 52 278 оқушы қатысты.

«Кенгуру» қатысушыларының жұмысын тексеру конкурс аяқталғаннан кейін шамамен 2-3 аптаға созылады, содан кейін нәтижелер электронды сертификаттар мен дипломдарды жасау үшін техникалық өңдеуге жіберіледі. Ал бұл өз кезегінде «Кенгуру» ойын-конкурсына қатысқан оқушылар өздерінің электронды сертификаттарын, сондай-ақ жинаған ұпайларына сәйкес дипломдарын 2022 жылдың 12 мамырында жеке кабинеттерінен жүктеп ала алады дегенді білдіреді.

Бұл жерде қатысушыларға өз нәтижелерін тексеру үшін максималды балл мен алған орындарына сәйкес ұпайлардың диапазоны көрсетілген кесте ұсынылып отыр.

«Кенгуру» ойын-байқауы жыл сайын барлық мектеп оқушылары арасында өткізіліп, жаппай қатысуды қамтамасыз етеді.

Тапсырмалар жас ерекшелігіне сйкес бес санат бойынша 1-2 сынып, 3-4 сынып, 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сыныптарға арналып әзірленді.

5-11-сынып қатысушылары үшін күрделілігіне қарай үш деңгей бойынша 30 тапсырма орындады: 10 сұрақтан тұратын үш деңгейдің әрбір сұрағына сәйкесінше 3, 4 және 5 баллдан берілді. Дәл сол сияқты 1-4 сыныптар үшін де күрделілігі бойынша үш деңгейде бөлінген 24 тапсырма беріліп, 8 тапсырмадан тұратын әр деңгейдің сұрақтарына сәйкесінше 3, 4 және 5 балл берілді.

Осылайша, 5-11 сыныптар үшін максималды мүмкін балл 120 болса, ал, кіші санаттағы сыныптар үшін, яғни 1-4 сыныптарға максималды мүмкін балл – 96 құрады.

Адами капитал сапасын арттыруға әсер ететін ойын-конкурсына оқушылар белсенді қатысып, өздерінің мүмкіндігін саралады. Ұстаздар мен ата-аналар да білімпаздың білім бәсекесіне қатысуын жан-жақты қолдап, рухани демеу көрсеткенін жақсы білеміз.

Интеллектуалдық сайысқа қатысқан барша оқушыларға және оларды қолдаған ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта өтетін олимпиадалар мен конкурстарға тұрақты қатысып тұруға шақырамыз.

Қатысушылардың тізімі:

1-2 СЫНЫП //

https://docs.google.com/spreadsheets/d/1-EnRaD9AItUkzpqxF4pRP5P0JWsw01X0/edit#gid=1461775927

3—4 СЫНЫП https://docs.google.com/spreadsheets/d/1Yztdg5utVuR7BYcWr_IPxiYvZLF5SHWh/edit#gid=918029679

5—6 СЫНЫП //     

https://docs.google.com/spreadsheets/d/1w6f0edu52GvoXAl-eHIvMzOeWiw8XDpx/edit?usp=sharing&ouid=110166269072538289190&rtpof=true&sd=true

7—8 СЫНЫП // https://docs.google.com/spreadsheets/d/1_kyOVpuEighgcrTcrjLE4RwgepERQpNf/edit#gid=1496550580

9—11 СЫНЫП // https://docs.google.com/spreadsheets/d/1EddRoFYlbci6rZPRCKJaHOQyH2uzVYBL/edit#gid=1040679222

Тіркелу және қатысу сілтемесі кейінірек қол жетімді болады

2022 жылғы 4-12 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды оқушыларды анықтау, дамыту жән жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдету мақсатында «Кенгуру» халықаралық математикалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының тізіміне енгізілген.

Байқауға білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатыса алады. 1-4 сыныптар үшін сұрақтар саны – 24, ал, 5-11 сыныптарға – 30.

Байқауда оқушылардан, ата-анасынан немесе баланың заңды өкілінен төлем алынбайды. Осыған байланысты 1-11 сынып аралығындағы әрбір қатысушыға 500 теңге болатын жарнаны білім беру ұйымы немесе жергілікті атқарушы органдар есебінен төлену жолдарын қарастыруды сұраймыз.

Жарнаны төлеу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы аясында жүргізіледі. Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 57 01 46 (d.alimov@daryn.kz) телефоны бойынша білуге болады.

Жеке ұйымдар үшін келісім шарт

Мемлекеттік мектептер үшін келісім шарт

РГКП "Республиканский научно-практический центр "Дарын" МОН РК
БИН 990240007434
БИК HSBKKZKX
ИИК KZ566010111000021443
АО "Народный Банк Казахстана"

Құрметті достар! «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 14-20 мамыр аралығында ҚР білім беру ұйымдарының 1 - 11 сынып оқушылары арасында «Кенгуру-математика барлығы үшін» математикадан халықаралық ойын конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың  математикалық қабілеттерін дамытып, олардың зияткерлік әлеуетін ашу және жаңа таланттарды анықтау. Мұндай жарыстарға қатысу оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, олардың білімі мен логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

«Кенгуру – математика барлығы үшін» математикадан әлемдегі ең танымал сайыстарының бірі. Жыл сайын оған бүкіл әлем бойынша алты миллионнан астам оқушы қатысады. Тапсырмаларға  күрделілік деңгейі бойынша өте қарапайым сұрақтан бастап, аса күрделіге дейін өзгеретін қызықты сұрақтар кіреді. Алайда, барлық есептердің дұрыс жауабы бар, олардың шешімін оқушы математика бойынша білімін қолдану арқылы анықтайды.

Конкурс алдын-ала іріктеусіз 1 - 11 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды олардың қалауынсыз конкурсқа қатыстыруға тыйым салынады.

«Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсына қатысу тегін. Егер конкурс қорытындысы бойынша қатысушы өзінің сертификатын немесе дипломын электрондық форматта алғысы келсе, 500 теңге мөлшерінде төлем жасауы қажет болады. Төлем бойынша нұсқаулық кейінірек games.daryn.kz сайтында жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін games.daryn.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Әр қатысушының өз электрондық поштасы болуы керек. Бұрын games.daryn.kz сайтында тіркелген болсаңыз, қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Тапсырмалар games.daryn.kz сайтында 14 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:00-де ұсынылады. Қатысушылар қорытынды нәтижелерді және иеленген орындарды конкурс аяқталғаннан кейін аталған сайтта көре алады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 7172 295266