Жапония жыл сайын өтетін биологиядан халықаралық олимпиаданы онлайн режимде өткізеді

Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO 2020) бастапқыда Нагасакиде (Жапония) өтуі керек еді. Бірақ қазіргі дүниежүзілік COVID-19 пандемиясына байланысты IBO 2020 Ұйымдастыру комитеті «IBO Challenge 2020» атты биологиядан халықаралық олимпиаданы онлайн режимінде өткізуді ұсынды. Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі. Практикалық тур – 11 тамызда, теориялық тур – 12 тамызда өтеді.

Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO) – 15 жастан кіші емес және 21 жастан үлкен емес қатысушыларға арналған жыл сайынғы халықаралық ғылыми жарыс.

Олимпиада 1990 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Әрбір қатысушы ел ұлттық биологиялық олимпиаданың жеңімпаздары, 4 қатысушыдан тұратын команданы жіберуге құқылы.

Командалар теориялық және практикалық турларда жарысады. Тапсырмалар ғылымның негізгі бөлімдерінен тұрады: жасушалық биология, молекулалық биология, өсімдіктердің анатомиясы мен физиологиясы, жануарлар мен адамның анатомиясы мен физиологиясы, этология, генетика және эволюция, экология, биожүйе. Қорытынды жеке есепте шығарылады.

Олимпиада алғаш рет 1990 жылы Чехословакияда өткізілді, оған әлемнің  6 елінен 22 конкурсант қатысты.

1995 жылы Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Олимпиадаға әлемнің 22 елінен 87 оқушы қатысты. Қатысушы елдердің географиясының кеңеюі осындай жоғары деңгейдегі Олимпиадаға деген қызығушылықтың артқанының дәлелі.

Бір қызығы, Қазақстан құрамасы IBO әлемдік аренасында 1996 жылдан бастап, Олимпиада Артекте (Украина) өткен кезде бірден 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Сол жылы Олимпиадаға Қытай, Австралия, Нидерланды, Ресей Федерациясы, Германия, Аргентина және т.б әлемнің 23 елінен 91 үміткер қатысты.

2000 жылы 11 – ші биологиядан халықаралық олимпиада Анталья қаласында (Түркия) өтті, оған әлемнің 38 елінен 150 оқушы қатысты. ҚР ұлттық құрама командасы алғаш рет 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

2014 жылы Бали а. (Индонезия) өткен 25-ші олимпиадада еліміздің құрама командасы 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, бұл Қазақстаннан келген конкурстанттардың сапалы дайындығының дәлелі.

2018 жылы еліміздің құрама команда жеңімпаздары тағы да 2014 жылғы табысты қайталап, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, ресми емес командалық есепте әлемнің 64 елінің арасында 17-ші орынды иеленді, бұл әсіресе біздің мемлекет үшін құнды болып табылады.

Биологиядан  халықаралық олимпиадаға қатысқан  жылдары еліміздің құрама командасы  2 алтын, 14 күміс, 46 қола медаль және 11 Құрмет грамотасын иеленді.

IBO Challenge 2020-да Қазақстанның ұлттық құрама командасы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу үшін өткен, сондай – ақ 2020 жылғы 14-15 шілдеде онлайн режимінде өткен «Биология» пәні бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары,  облыстық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын 4 конкурсант қатысады.

Биыл құрама команда құрамына енді:

Бисембаев Арман – Атырау қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы; Уразбаев Динмухаммед – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы; Тайманов Адам – Алматы қаласы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы; Темірбеков Ерасыл – Өскемен  қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы.

Ұлттық құрама тренерлері: Сагинтаев Адлет Алтынбекович – магистр, «Астана кітап» автор-редакторы; Сакимов Ильяс Кабиденович – магистр, «EdLight Education Support» ЖШС-нің әдіскері.

Қазақстан ұлттық командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз және жеңіске жететіндеріне сенеміз!