Дәстүр бойынша,1997 жылдан бастап ұлттық құрамакомандажыл сайын әр елден келген мектеп оқушылары арасында өтетін физикадан халықаралық олимпиадаға(IPhO) қатысатын.
Алғашқы олимпиаданы Варшавада (Польша) 1967 жылы профессор Чеслав Щчисловский ұйымдастырып өткізген болатын. Жарыстың пайда болу себептерінің бірі халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) сәтті өткізілуі және олимпиаданы өткізудегі тәжірибе болды.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан алғаш рет 1997 жылы Канадада өткен 28-ші Олимпиадаға қатысып, 2 құрмет грамотасына ие болған болатын. Халықаралық физика олимпиадасына қатысқан жылдар ішінде еліміздің ұлттық құрамасы 13 алтын, 29 күміс, 26 қола және 25 құрмет грамоталарына ие болды.
Өкінішке орай, биыл коронавирустық пандемияға байланысты физикадан халықаралық олимпиада өткізілмеді.
Алайда, балама ретінде, Қазақстан құрамасы ағымдағы жылғы 20-26 шілдеде алғаш рет қашықтықтан өтетін Еуропалық физика олимпиадасына – 2020 қатысады.
Қазақстанның ұлттық құрама командасынан 5 оқушы, 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.
Мағауин Расул Семей қ. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;
Драганчук Антон Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы;
Қалдыбаев Рауан Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;
Қоблан Мирас Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы;
Алексей Янченко– Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы.
Команданың тренерлері:
Максутов Самат Муратбекулы – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;
Сидоренко Андрей Владимирович– магистрант, Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімі.
Біздің жігіттерге сәттілік тілейміз және олардың жеңістеріне сенеміз!