ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС

2021 жылғы 9-10 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы “USTAZ” кәсіби дамыту орталығының базасында «Ынталандырылған және дарынды балаларды қолдау мен дамытудың айқындау жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Семинар-кеңеске дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық орталықтардың директорлары, республикалық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – жаңа 2021-2022 оқу жылында дарынды балалармен жұмыс жасаудың басымдықтарын анықтау, республикалық интеллектуалды іс-шараларды өткізу форматындағы жаңа механизмдерді әзірлеу.

Республикалық семинар-кеңес жұмысында қатысушылар дарынды және ынталы балаларды анықтау мен қолдаудың бірыңғай жүйесін әзірлеуді талқылады.

Семинар-кеңес екі күнге созылды. Бірінші күні «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұзақ мерзімді жұмыс жоспарына басты назар аударылды.

Сондай-ақ, семинар-кеңестің аясында «International Academy of Emotional Intelligence» орталығының сертификатталған жаттықтырушысы Әсел Мұратованың «Педагогтың эмоционалды интеллектісі» тақырыбында шеберлік сыныбы мен ҚР Білім беру ісінің үздігі, қоғам қайраткері, цифрлық психолог Асқарова Ләззат Қажитайқызының «VQ-адамның жетістігінің қозғаушы күші» тақырыбында тренингі өткізілді.

Екінші күні қатысушыларға жетекші сарапшылардың қатысуымен “R4 Technology & Research Center” орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Түсіпжанов Айдын Болатұлының «STEAM-ды оқу процестеріне кіріктіру» тақырыбындағы, сонымен қатар биология пәні бойынша ҚР ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы Сакимов Ильяс Қабиденұлының «Әр түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар бойынша дайындықты ұйымдастыру» тақырыптары бойынша тақырыптық алаңдар өткізілді. Түстен кейін пікірталас дөңгелек үстелі өткізілді, онда пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды жетілдірудің келешегі баяндалды.

Пікірталас үстелінің негізгі талқыланған мәселелері интеллектуалды іс-шараларды өткізуде академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету болды.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

#АкадемиялықАдалдықТетіктері #ИнтеллектуалдықОлимпиадалар #ӘділдікМеханизмдер #ОлимпиадалардағыАшықтық #ЗияткерлікІсШаралар

====== WWW.DARYN.KZ ======