ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА туралы СҰРАҚ-ЖАУПТАР

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада қашан өтеді?

Олимпиада үш кезеңмен өткізіледі.

– олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде бір күнде өткізіледі;

– екінші (іріктеу) кезеңі 22 қазанда екі тур бойынша – тестілеу және эссе түрінде өткізіледі;

– үшінші (республикалық) кезең 15-18 қараша аралығында өткізіледі.

Олимпиаданың өңірлік кезеңі қандай форматта өткізіледі?

Өңірлік кезеңді офлайн/онлайн режимінде ұйымдастыруды аймақтық ұйымдастыру комитеті эпидемиологиялық жағдайға байланысты анықтайды

Екінші және үшінші кезеңдер қалай өткізіледі?

екінші кезең әр өңірде онлайн режимде өтеді

үшінші кезең офлайн режимде өтеді

Олимпиадаға кім қатыса алады?

Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып түлектері қатысады.

Олимпиаданың ерекшеліктері қандай?

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды біріңғай орындайды: математика, физика, химия және биология

Олимпиаданың өңірлік кезеңі тапсырмаларының құрылымы қандай?

– 10 ұпай  бір дұрыс жауабы бар тест;

– 10 ұпай бірнеше таңдау – қатысушы берілген тізімнен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қажет; балама таңдау – қатысушы «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс; сәйкестікті белгілеу – қатысушыға екі тізім элементтерінің сәйкестігін белгілеу ұсынылады; бірізділікті белгілеу – қатысушы тізім элементтерін белгілі бір ретпен орналастыруы тиіс;

– 5 ұпай – классикалық тапсырмаларды шешу.

Олимпиаданың іріктеу кезеңіне кімдер қатыса алады?

Олимпиаданың іріктеу кезеңіне өңірлік кезеңінің нәтижелері бойынша әрбір облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нан құрамы 20 адамнан аспайтын командалар, республикалық білім беру ұйымдары және «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрамы 8 адамнан аспайтын команда қатысады.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне қалай өтуге болады?

Іріктеу кезеңінің екі турының жалпы ұпайы бойынша үздік нәтижелер көрсету.

Олимпиадаға қалай дайындалу керек?

Өткен жылдардағы тапсырмаларды зерттеу ұсынылады. Барлық материалдар «Дарын» РҒПО сайтында ұсынылады.

Тапсырмалар мен шешімдерді қайдан көруге болады?

Тапсырмалар мен шешімдер «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қалай өтеді?

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр пән бойынша Министрліктің медальдарымен және дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар саны қатысушылардың жалпы санының 25%-ын құрайды. Республикалық кезеңнің барлық қатысушыларына Олимпиада қатысушысының сертификаттары беріледі.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімдері қайда және қашан жарияланады?

Республикалық кезеңнің аяқталуы бойынша «Дарын» РҒПО ресми сайтында республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланады.