Бүгін, 15 қаңтарда бағдарламаға сәйкес қатысушылар ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші турының тапсырмаларын орындауда.
Пәндер мен тапсырмалардың ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысына келесі уақыт берілді:
• Физика (4 сағат);
• Информатика (4 сағат);
• География (3 сағат);
• Химия (2 сағат 30 минут);
• Биология (2 сағат).
Бірінші турдан кейін «Астана достарын қарсы алады» бағдарламасы ұйымдастырылып, олимпиада қатысушыларына ақпараттық технологиялар бойынша еліміздің жетекші ЖОО бірі Astana IT University есігін айқара ашады.
Команда жетекшілері үшін екі күнге созылатын «Дарынды және жоғары ынталы оқушыларды дамыту үшін педагогикалық бағдарламаларды әзірлеудің заманауи тәсілдері» республикалық семинары өтеді.
Сонымен қатар, қатысушыларға кешкі астан кейін психологиялық тренинг жоспарланған.