ҚАЗАҚСТАНДА STEM МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН 3D МОДЕЛДЕУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

💻Америкалық ұйымдар STEM мұғалімдерді даярлау бойынша білім беру бастамасын іске қосты. 3D модельдеу және робототехникаға арналған тегін тренинг Arduino микроконтроллерлеріне негізделген. Жоба Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл және Қостанай қалаларында өтуде.

📌Тренинг бағдарламасында қазақстандық мектептердің 200 мұғалімі 3D модельдеу және робототехника негіздерін меңгеріп, жобаларды құру және енгізу үшін Autodesk 123D Design бағдарламасын пайдалануды үйренетін бір апталық интенсивті курстан өтеді.

📝Тәлімгерлік тренингті информатика, роботехника және 3D моделдеу саласының сарапшылары мен оқытушылары және робототехника клубының жетекшілері жүргізеді. Сондай-ақ, волонтерлер бағдарлама барысында қатысушыларға тұрақты нұсқаулықтар беріп, қолдау көрсетеді.

🔖Қарқынды апталық оқытудан кейін қатысушылардың бір ай бойы тәлімгердің жетекшілігімен тереңдетіп оқуға және тәжірибені ары қарай жалғастыруға, өз жобаларын жасауға мүмкіндігі болады.

🤩Тренинг соңында, 15-16 наурыз күндері Америка ұйымдарында қорытынды турнир өткізіліп, қатысушылардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары көрсетіледі. Студенттермен бірлесе отырып топ құрған мұғалімдер өз жобаларын ұсынады.