Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың әдістемелік жаңашылдықтары мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинарының ақпарат хаты

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімнен оқушылардың тілдік, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдануды талап етеді. Оқушылардың тілдік қабілетін дамыту олардың тілге деген қызығушылығын арттырып, ой еркіндігі мен шығармашылық белсенділігін жетілдіреді.

Пәндік олимпиадалар мен зияткерлік сайыстардың білім берудегі рөлі ерекше. Олимпиадаға дайындық – оқушының теориялық білімін тереңдетіп, тілдік қорын байытып, жазбаша және ауызша тіл мәдениетін жетілдіруге ықпал ететін маңызды кәсіби алаң.

Оқушыларды олимпиадаға жүйелі дайындау – қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігінің көрінісі. Бұл бағыттағы жұмыс педагогтің өздігінен ізденуін, заманауи әдістемелер мен инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану қабілетін талап етеді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 19-21 қараша аралығы Алматы қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың әдістемелік жаңашылдықтары мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін арттыру, оқушыларды олимпиадаға дайындауда инновациялық әдістерді тиімді қолдану және жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану жолдарын үйрену.

Семинар бағдарламасында олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдері мен талдау әдістері, эссе жазу дағдыларын қалыптастыру және бағалау критерийлерін түсіндіру, тиімді әдістемелік тәжірибелерді бөлісу, жасанды интеллект құралдарын қолданудың педагогикалық және әдістемелік мүмкіндіктерін пайдалану тақырыптары қарастырылады.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 10 қарашаға дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Семинарға қатысушы әр педагог 10 қарашаға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarkaz сілтемесі бойынша жеке онлайн тіркелуден өту керек.

Семинар аясында 20 қараша күні «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасы өтеді.

Семинардың өтетін орны: Алматы қаласы білім басқармасының «И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 68/73.

Семинар және олимпиадаға қатысушыларына сертификаттар табысталады, ал «Олимп шыңы» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегердері дипломдар және грамоталармен марапатталады.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, тұруы). Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна 25 350 теңге, «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасына қатысуға тілек білдірушілер үшін жарна 4 500 теңгені құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 57-65-40.

Қатысушының аты-жөніОблысыЖұмыс орныЖұмыс өтіліҚатысушының ЖСНЕmail, Байланыс телефоны

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімнен оқушылардың тілдік, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдануды талап етеді. Оқушылардың тілдік қабілетін дамыту олардың тілге деген қызығушылығын арттырып, ой еркіндігі мен шығармашылық белсенділігін жетілдіреді.

Пәндік олимпиадалар мен зияткерлік сайыстардың білім берудегі рөлі ерекше. Олимпиадаға дайындық – оқушының теориялық білімін тереңдетіп, тілдік қорын байытып, жазбаша және ауызша тіл мәдениетін жетілдіруге ықпал ететін маңызды кәсіби алаң.

Оқушыларды олимпиадаға жүйелі дайындау – қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігінің көрінісі. Бұл бағыттағы жұмыс педагогтің өздігінен ізденуін, заманауи әдістемелер мен инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану қабілетін талап етеді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 19-21 қараша аралығы Алматы қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың әдістемелік жаңашылдықтары мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты - қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін арттыру, оқушыларды олимпиадаға дайындауда инновациялық әдістерді тиімді қолдану және жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану жолдарын үйрену.

Семинар бағдарламасында олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдері мен талдау әдістері, эссе жазу дағдыларын қалыптастыру және бағалау критерийлерін түсіндіру, тиімді әдістемелік тәжірибелерді бөлісу, жасанды интеллект құралдарын қолданудың педагогикалық және әдістемелік мүмкіндіктерін пайдалану тақырыптары қарастырылады.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 10 қарашаға дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Семинарға қатысушы әр педагог 10 қарашаға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarkaz сілтемесі бойынша жеке онлайн тіркелуден өту керек.

Семинар аясында 20 қараша күні «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасы өтеді.

Семинардың өтетін орны: Алматы қаласы білім басқармасының «И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 68/73.

Семинар және олимпиадаға қатысушыларына сертификаттар табысталады, ал «Олимп шыңы» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегердері дипломдар және грамоталармен марапатталады.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, тұруы). Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна 25 350 теңге, «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасына қатысуға тілек білдірушілер үшін жарна 4 500 теңгені құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 57-65-40.

 

Қатысушының аты-жөні Облысы Жұмыс орны Жұмыс өтілі Қатысушының ЖСН Еmail,

Байланыс телефоны

Еліміздің ең дарынды оқушылары «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасының кезекті маусымында сынға түседі

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Хабар» Агенттігімен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025-2026 оқу жылында 11-12 сынып оқушыларына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынының кезекті маусымын бастайды.

🎯Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, жоғары интеллектуалдық қабілеті бар дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету және еліміздің зерделі әлеуетін қалыптастыру.

📚Зияткерлік сайыс үш кезеңнен тұрады:

 Аудандық/қалалық кезең – қазан айының соңына дейін өткізіледі. Оған 25-100 оқушы қатысады;

 Облыстық кезең – қараша мен ақпан аралығында өтеді. Әр ауданнан 10 үміткер, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері мен республикалық білім беру ұйымдарынан 3 оқушыдан артық емес;

 Республикалық кезең – наурыз-сәуір айларында өтеді. Әр облыстан 5, республикалық маңызы бар қалалардан 7-8 оқушы бақ сынайды.

Ойынның тапсырмалары жалпы білім, логика, музыка, өнер және спорт тақырыптарын қамтиды. Республикалық кезеңнің тапсырмаларын «Хабар» Агенттігі әзірлейді.

Аудандық және қалалық кезеңнің қатысушыларына өңірлік ұйымдастырушылар сертификаттар табыс етсе, облыстық кезең жеңімпаздары білім басқармаларының марапаттарына ие болады. Ал республикалық кезеңнің үздіктері Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаттарымен, «Хабар» Агенттігінің дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Анықтама үшін:

«XXI ғасыр көшбасшысы» – «Хабар» Агенттігінің төл жобасы. Интеллектуалдық телеойын алғаш рет 1999 жылы эфирге шыққан. Өткен маусымда көрерменге 22 телебағдарлама ұсынылған болатын. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша финалға шыққан 6 үміткердің арасынан 3 жеңімпаз анықталған. Олар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болды. Қалған үш финалист Оқу-ағарту министрінің алғыс хаттарымен және «Хабар» Агенттігінің қаржылай сыйақысымен марапатталды.

«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық интеллектуалдық байқауының аудандық (қалалық) кезеңіне тіркелу басталды. Тіркелу www.smart.daryn.kz платформасында өтеді.


✅9-10 сынып оқушылары арасында өтетін «Менің кіші Отаным» республикалық интеллектуалдық байқауының аудандық (қалалық) кезеңіне қатысу үшін тіркеудің басталғанын хабарлаймыз.

🎯Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы мен өлкетану саласындағы білімін кеңейту, азаматтық белсенділігі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

🗓 Аудандық (қалалық) кезеңге қатысуға тіркелу ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Негізгі тур 16 қазанда өтеді.

2️⃣Байқау екі турдан тұрады:

І тур – Қазақстан тарихы мен өлкетану бойынша білімді тексеруге арналған тестілеу;

ІІ тур – төрт номинация бойынша шығармашылық және зерттеу жобаларын қорғау.

9-сынып оқушылары үшін:

1️⃣ «Өлкемнің тарихы мен мұрасы»;

2️⃣ «Өлкемнің символдары».

10-сынып оқушылары үшін:

3️⃣ «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен ерлері»;

4️⃣ «Менің өлкем ертеңі: болашақ жобасы».

🖇️Қатысушылардың жұмыстары тарихи деректің нақтылығы, талдау тереңдігі, идеяның ерекшелігі мен презентация сапасы бойынша бағаланады.

💡Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің дипломдарымен марапатталып, келесі облыстық кезеңге (22 қазан) жолдама алады. Ал байқаудың республикалық кезеңі 29-31 қазан аралығында өтеді.

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТІЗІМІ

Астана қаласында 2025 жылғы 29-31 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VIII республикалық интеллектуалдық конкурсының республикалық қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.

Бұл байқау – жас ұрпақтың туған жер тарихына, мәдениеті мен рухани құндылықтарына деген қызығушылығын оятып, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру жоба болып табылады. Конкурс арқылы оқушылар өз өлкесінің тарихын зерделеп, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар мен тарихи оқиғаларды таныстырып қана қоймай, өңірдің келешегін көздейтін жобалық идеяларыда ұсынылды.

Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы аудандық (қалалық) кезең 16 қазанда, ал облыстық кезең 22 қазанда бір күнде және бір уақытта smart.daryn.kz платформасында онлайн форматта өтті.

Байқаудың ауқымы биыл ерекше кең болды: аудандық кезеңге 9 404 оқушы, ал облыстық кезеңге 1 284 қатысушы қатысып, өз жобаларын қорғады. Қатысушылар ұсынған жұмыстар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына, аймақтың дамуы мен болашағына арналған сан алуан бағыттарды қамтыды.

Облыстық кезеңнің нәтижесінде 96 үздік жоба іріктеліп, олардың авторлары елорда төрінде өткен республикалық кезеңде өзара бақ сынады. Оның ішінде 30 оқушы ауыл мектептерінің балалары болып табылады.

Қатысушылар екі тур бойынша сыналды: бірінші турда «Қазақстан тарихы» пәнінен онлайн-тест тапсырды, ал екінші турда өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын қорғады. Негізгі бағыттар төрт номинация бойынша айқындалды: 9-сынып оқушылары «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» және «Менің өлкемнің символдары» тақырыптарында, ал 10-сынып оқушылары «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» және «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинацияларында бақ сынады. Әр қатысушыға өз жұмысын қорғауға 10 минут берілді: жеті минуты баяндамаға, үш минуты қазылардың сұрақтарына жауап беруге арналды.

Қазылар алқасы жобаларды мазмұнының ғылыми және тарихи нақтылығына, деректерді талдау мен тұжырым жасау деңгейіне, шығармашылық көзқарас пен идеяның бірегейлігіне қарап бағаланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен қатар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША:

- I дәрежелі диплом – 8 оқушы;

- II дәрежелі диплом – 11 оқушы;

- III дәрежелі диплом – 21оқушы;

- Құрмет грамотасы – 20 оқушыға бұйырды;

Барлық қатысушыға республикалық кезеңге қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.

«Менің шағын Отаным» байқауы – оқушыларды туған жерінің өткені мен бүгініне үңіліп, өз өлкесінің дамуына ой қосуға баулитын, елдік сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайтатын ауқымды жоба. Бұл конкурс жыл сайын тарихқа қызығушылығы бар жас зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастырып, олардың елдің болашағына белсенді араласуына мүмкіндік беріп келеді.

Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі 31 қазан күні сағат 10:00 -Астана қаласындағы  №108 орта мектебінде (Е-117,40А көшесі) өтті.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,

«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинет, «Дарын» РҒПО

Тел.: 8 (7172) 57 65 63

E-mail: info@daryn.kz

Тестілеу - Камера №1 Қарау
Тестілеу - Камера №2 Қарау
Тестілеу - Камера №3 Қарау
Тестілеу - Камера №4 Қарау
Тестілеу - Камера №5 Қарау
Тестілеу - Камера №6 Қарау
Тестілеу - Камера №7 Қарау
«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» Қарау
«Менің өлкемнің символдары» Қарау
«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» Қарау
«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» Қарау

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурс Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау және ынталандыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

Конкурс 9–10 сынып оқушылары арасында өткізіледі және олардың зерттеу және талдау қабілеттерін дамытуға, өлкетану мен ел тарихы бойынша білімдерін тереңдетуге, патриотизм, азаматтық және ұлттық өзіндік сана сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізу Ережелері «Дарын» РҒПО-ның ресми сайтында орналастырылған: www.daryn.kz.

Конкурсқа 9–10 сынып оқушылары ғана қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  1. Аудандық (қалалық) кезең – 2025 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-де өткізіледі. Ұйымдастыруға жауаптылар – аудандық (қалалық) білім бөлімдері.
  2. Облыстық кезең – 2025 жылғы 22 қазанда сағат 10:00-де өткізіледі. Ұйымдастыру және өткізу облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АОО, «РФМШ» НАО, «Бөбек» ҰҒПО тарапынан жүзеге асырылады.
  3. Республикалық кезең – 2025 жылғы 29–31 қазанда өткізіледі және оны «Дарын» РҒПО ұйымдастырады және өткізеді.
    Өткізу орны – Астана қаласы. Қатысуға облыстық кезеңнің жеңімпаздары ғана шақырылады. Қатысушылардың келуі мен тіркелуі – 29 қазан сағат 18:00-ге дейін. Конкурсты өткізу – 30 қазан. Қатысушылардың қайтуы – 31 қазан сағат 14:00-ден кейін.

Конкурстың әр кезеңі екі турдан тұрады:

  • I тур – барлық өңірлерде бір мезгілде өткізілетін тестілеу;
  • II тур – номинациялар бойынша жұмыстарды қорғау.

Тест тапсырмаларын «Дарын» РҒПО әзірлейді және олар өңірлік білім беру органдарына жолданады. Тестілеуді өткізуге дайындық бойынша қосымша нұсқаулық Конкурс басталғанға дейін жіберілетін болады.

Қорытынды кезеңге қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 24 қазанға дейін қабылданады. Өтінім http://tiny.cc/MSHO-2025 сілтемесі бойынша берілген үлгіге сәйкес толтырылып, скан-нұсқасы info@daryn.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Өтінімге облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік «Дарын» орталықтары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басшылары қол қойған ресми хат қоса берілуі қажет.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараты

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: индекс Z05K5K8, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Алтын Орда» БО, 1303-кеңсе, тел.: +7 (7172) 576-563, е-mail: info@daryn.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 27-29 қазан аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

 

Конкурстың мақсаты — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, қоғамдық белсенділігін дамыту, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған өлкенің тарихы мен Қазақстанның тарихына деген құрметті күшейту.

 

Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық облыстары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 9-10 сыныптардан 93 оқушы қатысады. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен республикалық білім беру ұйымдарының командалары да қатысады.

Атап айтқанда, конкурсқа аудандық (қалалық) кезеңде 7204 оқушы қатысып, олардың 4475-і ауыл мектептерінен болған, ал облыстық кезеңде 1696 оқушыдан 579-і ауыл мектептерінің өкілдері болды.

 

Конкурс екі тур бойынша өткізіледі: 

  • I тур — «Қазақстан тарихы» пәнінен тестілеу;
  • II тур — төрт номинация бойынша жобаларды қорғау:
  1. «Менің шағын Отанымның тарихы» — қатысушылар өз елді мекендерінің тарихын бейнефильм немесе презентация форматында ашып көрсетеді (географиялық атауы, құрылу тарихы, даму кезеңдері, табиғи-климаттық ерекшеліктері, халық саны, кәсіпорындар мен мекемелер туралы ақпарат, көрнекі орындар және т.б.).
  2. «Шағын Отанымның символы» — бұл номинацияда қатысушылар өздерінің туған жерлеріне деген сүйіспеншілік символын (жануар, өсімдік, адам немесе құбылыс) бейнефильм немесе презентация арқылы ұсынады және оның ерекшелігін негіздейді.
  3. «Менің шағын Отанымның болашағы» — бұл номинацияда қатысушылар өздерінің туған жерінің болашағын макет түрінде бейнелейді.
  4. «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» — қатысушылар өз елді мекендеріндегі танымал тұлғалар туралы эссе жазады.

 

Қатысушылардың жұмыстары білікті қазылар алқасы тарапынан бағаланады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау:  Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сонымен қатар «Дарын» РҒПО-ның грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Атап айтқанда, 8 – I дәрежелі, 12 – II дәрежелі және 20 – III дәрежелі диплом беріледі.

 

Конкурстың жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2024 жылдың 29 қазанында сағат 09:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтеді.

 

Қосымша сұрақтар үшін

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефон нөмірі:

+7 (7172) 79-58-73

2023 жылғы 29 қазан – 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.

Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 9-10 сыныптың 88 оқушысы бақ сынасады.

Конкурс аясында қатысушылардың мұғалімдеріне республикалық семинар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 8348 оқушы қатысты, олардың 5085-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1470 үміткердің 573-і ауыл мектебінде білім алады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Дарынды оқушыларды анықтау және олардың Қазақстан тарихына қызығушылығын ояту бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.

Конкурс 9-10 сынып оқушыларына арналған және олардың қоғамдық белсенділігін дамытуға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге, патриоттық, азаматтық, ұлттық өзін-өзі тануға және туған жерге деген мақтаныш сезімін дамытуға бағытталған.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтының «Іс-шаралардың ережелері» бөлімінде орналастырылған. Ережемен танысу >>>

Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатысады.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1) Бірінші, аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың                               10 қазанында Астана уақытымен  бір мезгілде сағат 10.00-де «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалар бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

2) Екінші, облыстық кезең ағымдағы жылдың 16 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де өткізіледі. Ұйымдастыру және іске асыруды облыстық білім басқармалары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «РФММ» КеАҚ, «Бөбек» ҰҒПББСО жүзеге асырады.

3) Үшінші, республикалық кезең ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткізіледі. Қатысуға облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылады. Қатысушылардың келуі және тіркелуі – 29 қазан сағат 18:00-ге дейін. Ал 31-ші қазанда сағат 14:00-ден бастап қатысушылардың қайтуы жоспарланған.

Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады. Өтінім көрсетілген үлгіге сәйкес толтырылып, project@daryn.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс. Бұл ретте облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және облыстық дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтардың басшылары қол қойған ілеспе хатты қоса жіберу қажет.

 

Өтінім Excel кестесінде төмендегі үлгіде жіберіледі:

 

Оқушының

аты-жөні

Номинациясы Облысы Мектебісыныбы Жеңімпаз бен жүлдегер дайындаған мұғалімінің аты-жөні Жетекшінің аты-жөні (толық),

байланыс телефоны

11            

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2

Телефон: +7 (7172) 570-160

Тараз қ. өткен жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 9 оқушы, ІІ дәрежелі –  13, ал ІІІ дәрежелі дипломымен 22 оқушы марапатталды.

Сонымен қатар жоғары ұпай жинаған 21 қатысушы «Дарын» РҒПО алғыс хатына ие болды.

Номинациялар бойынша жеңімпаздармен таныс болыңыздар:

«Менің кіші Отанымның тарихы»

1.Арсен Маккан, Түркістан обл., М.Пошанов ат. №21 орта мектеп;

2.Диана Шакирова, Астана қ., №92 мектеп-лицейі.

«Менің кіші Отанымның символы»

3.Аяулым Таева, Ұлытау обл., Абай атындағы ММИ;

4.Диас Бибол, «Білім-Инновация» лицейі.

«Менің кіші Отанымның болашағы»

5.Санат Бөгенбаев, Ақтөбе обл., Ойыл ауданы, Құрман орта мектебі;

6.Әйгерім Жәнібекқызы, Жамбыл обл., «Дарын» лицей-интернаты.

«Менің туған өлкем» (Эссе жазу)

7.Ариназ Сағынтай, Ақтөбе обл., Шалқар ауданы, №6 орта мектебі;

8.Тоғжан Қалиасқарова, Абай обл., Семей қ., Шәкәрім атындағы гимназия;

9.Еркежан Оразғали, Алматы обл., Қонаев қ., №3 орта мектеп.

Толық тізіммен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар:

Тізім

——— WWW.DARYN.KZ ———

Бірінші күні қатысушылар үшін Орта Азиядағы көне қаланың киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Алдымен оқушылар "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешені мен Қарахан кесенесіне барып, пайдалы білім мен ұмытылмас әсер алды.

Сондай-ақ, балалар Талас өзенінің жағасында орналасқан "Тектұрмас" этно-тарихи кешенімен танысты. Тектұрмас - X-XIV ғасырда салынған кесененің көшірмесі. Өткен ғасырдың 30-жылдарында атеистік көзқарастарға байланысты кесене толығымен жойылған болатын. Тарихи ескерткіш 2002 жылы сақталған фотосуреттер мен археологиялық зерттеулер арқылы қалпына келтірді.

Бүгін республикалық конкурстың ашылу салтанаты мен оның негізгі турлары өтті:

І тур - Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмаларын онлайн орындау;

ІІ тур - «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясында презентациялар қорғау және «Менің туған өлкем» номинациясында эссе жазу.

Сондай-ақ шара аясында қатысушылардың жетекшілері үшін «Тарих пәнінде  білім алушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлттық құндылықтар негізініде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» атты семинар ұйымдастырылды.

Ертең конкурстың жабылу салтанаты мен жеңімпаз жас тарихшыларды марапаттау рәсімі өткізу жоспарланған.

2022 жылдың 3-5 қараша күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кіші Отанына деген мақтанышын арттыру.

Үздіктердің үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 92 9-10 сынып оқушысы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайды. Сондай-ақ конкурсқа Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Бөбек» орталығының командалары қатысады.

Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 9443 оқушы қатысты, олардың 6211-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1439 үміткердің 671-і ауыл мектебінде білім алады.

Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

– «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында қатысушылар елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашуы (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.) тиіс;

– «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы (өз таңдауының бірегейлігін негіздеу, дәлелдеу қажет) презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау қабылданады;

– «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы макетті презентациялау түрінде өтеді;

– «Менің туған өлкем» номинациясында конкурсанттарға өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу ұсынылады.

Қатысушылардың жұмысын білікті әділқазылар алқасы бағалайды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу салтанаты 3-қараша күні сағат 15.00-да «Бақытта болашақ» оқушылар сарайында өтеді.

Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 5-қараша күні сағат 10.00-де «Бақытта болашақ» оқушылар сарайында өтеді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурқа облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 9-10 сынып оқушылары қатысады.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);

- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша -  өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу рәсімі 3 қараша күні сағат 15.00-де, жабылу салтанаты 5 қараша, сағат 10.00-де "Бақытты болашақ" оқушылар сарайында өтеді.

Толық ақпарат Конкурс Ережесінде көрсетілген және www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Команда 4 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.

Қатысушылардың келу күні – 3 қараша сағат 13:00-ге дейін, қатысушылардың кері кету күні – 5 қараша, сағат 14.00-ден кейін.

Конкурс қатысушыларының екі жаққа жол жүру билеттері, сондай-ақ жетекшілердің іс-сапар шығындары (екі жаққа жол жүру билеттері және жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен. Конкурс өткізілетін күндері қатысушылардың (оқушылардың) жатын орны мен тамақтануы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының (Тараз қаласы, Сатбаева көшесі, 27) базасында «Дарын» РҒПО қаражаты есебінен жүргізіледі.

Конкурс қатысушыларында өзімен бірге эпидемиологиялық ортасының таза екендігі туралы дәрігердің анықтамасы, жетекшілерде – covid-19-ға қарсы вакцинация паспорты болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты ІV республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Биылғы Конкурс Қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойларына арналады. Ыбырай Алтынсарин - қазақ еліне білім берудің негізін қалаған көрнекті тұлға, педагогикалық мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілетін педагог-ағартушы.

Конкурқа облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 9-10 сынып оқушылары қатысады.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);

- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша -  өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу салтанаты 3-қараша күні сағат 16.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өтеді.

Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 5-қараша күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өткізіледі.

Толық ақпарат Конкурс Ережесінде көрсетілген және www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Команда 4 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.

Қатысушылардың келу күні – 3 қараша сағат 15:00-ге дейін, қатысушылардың кері кету күні – 5 қараша, сағат 15.00-ден кейін.

Конкурс қатысушыларының екі жаққа жол жүру билеттері, сондай-ақ жетекшілердің іс-сапар шығындары (екі жаққа жол жүру билеттері және жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен. Конкурс өткізілетін күндері қатысушылардың (оқушылардың) жатын орны мен тамақтануы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (Алматы қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 45) базасында «Дарын» РҒПО қаражаты есебінен жүргізіледі.

Конкурс қатысушыларында өзімен бірге эпидемиологиялық ортасының таза екендігі туралы дәрігердің анықтамасы, жетекшілерде – covid-19-ға қарсы вакцинация паспорты немесе ПЦР тестінің теріс нәтижесі (5 күнге жарамды) болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы №440-шы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) өткізілгенін хабарлайды.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан онлайн режимде ұйымдастырылды.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі ережеге сәйкес екі тур бойынша өткізілді. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен www.daryn.kz сайтында онлайн режимде тікелей видео-трансляциямен тест тапсырды. Қатысушылар ІІ турда 4 номинация бойынша Zoom платформасында өз жұмыстарын қорғады.

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан командалар қатысты. Конкурстың аудандық кезеңіне 6658 оқушы, облыстық кезеңіне 1166 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 88 оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Қатысушылардың жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қ.Сәтбаев Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушылары, ғалымдары бағалады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 38 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға - смарт-сағат, екінші орынға – үстеме құлаққап (накладные наушники), үшінші орынға – «Пауэр Бэнк» зарядтағышы табысталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.

І дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Сандыбаев Тамерлан Қостанай облысы № 29 орта мектеп Қостанай қ.
2 Пайзахматов Илхом Шымкент қ. 104 мектеп
3 Сағидоқас Нұрәділ Батыс-Қазақстан облысы Сырым ауданы, Булан орта мектебі
4 Петрий Екатерина Қостанай облысы Қостанай қаласы, № 23 орта мектеп
5 Әбдіхалық Серікболсын Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
6 Мықтыбек Бексұлтан Шымкент қ. 89 мектеп
7 Ринатқызы Амина Нұр-Сұлтан қ. №82 "Дарын" мамандандырылған лицейі
8 Мұратбек Медет Шымкент қ. №78 мектеп

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Макашева Камила Қарағанды облысы Талжанов ат.орта мектеп
2 Савинкова Юлия Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл облысы «И.П. Шухов атындағы Пресновская орта мектеп-гимназиясы» КММ
3 Гейко Татьяна Шығыс-Қазақстан облысы Средняя школа №2
4 Нукербекова Диляра Қарағанды облысы «Зияткер» орта мектеп интернаты
5 Сулейменова Дильназ Солтүстік-Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Мироновская орта мектебі» КММ
6 Назарбаев Нұрбақыт Шымкент қ. 90 мектеп
7 Дәулетова Лаура Маңғыстау облысы №7 мектеп-лицейі
8 Байназаров Рамадан РББҰ Абай атындағы РММИ
9 Жұмағұл Мират "Назарбаев Зияктерлік мектебі" ДББҰ Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
10 Еген Асылжан "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ. "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ.
11 Кужаниязова Ақбота Ақтөбе облысы Қобдаауданы, Қобда гимназиясы
12 Оразалы Алиман Алматы облысы Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған №20 лицей
13 Прокопьева Диана Қарағанды облысы Корниенко атындағы КШДС

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Байжұма Бексұлтан Алматы қ. №178 мектеп
2 Алтынбек Асер Алматы облысы М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №24 "Экономика және бизнес" мамандандырылған лицейі
3 Мұхтар Саябол БИЛ Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер баларға арналған «Білім-инновация» лицейі
4 Рашит Адема Павлодар облысы Аққулы ауданы, Малыбайская орта мектебі
5 Павлухина Анастасия Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Максимовка орта мектебі
6 Ордалы Жібек Ақтөбе облысы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты
7 Тұрарбек Даурен Алматы облысы Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей
8 Бақытғани Әлихан Қызылорда облысы №249 мектеп-лицей
9 Сәрсенбай Сабина Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
10 Аманжолқызы Аяулым Алматы қ. Г162
11 Абдрахманов Дінмұхаммед Алматы облысы Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей
12 Мутиголла Атанияз Атырау облысы Атырау қаласы, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясы
13 Крашенников Данил Павлодар облысы Павлодар обл., Ертіс ауд., Ұзынсу орта мектебі
14 Макишева Махаббат Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласы "№ 25 орта мектеп"
15 Нұрлан Нұрсая Алматы қ. №156 орта мектеп
16 Жаулыбай Нұризат Жамбыл облысы Т.Рысқұловатындағы мектеп-лицейі
17 Князева Софья Павлодар облысы Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, № 1 ЖОББМ
18 Асан Жансая Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі

Грамотамен марапатталған оқушылар тізімі:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Сұлтан Тілек Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі
2 Ертілеу Қымбат Батыс-Қазақстан облысы Теректі ауданы, Чапаев ат. ЖОББМ
3 Күнтөреева Еңлік Қызылорда облысы №10 БИЛ
4 Тоқтарбай Кербез РББҰ Абай атындағы РММИ
5 Мақұлбек Диана Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
6 Калиакпарова Малика Алматы қ. №36 гимназия
7 Асланбек Аружан Атырау облысы Жылыой ауданы, №9 орта мектебі
8 Койшубекова Айым Жамбыл облысы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты
9 Бегалина Дильназ Нұр-Сұлтан қ. №47 мектеп-гимназия
10 Қуанышева Жангүл РББҰ Абай атындағы РММИ
11 Батырбекова Шырын Ақмола облысы Бурабайауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясы
12 Өтебаев Нұрайдар Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, №6 орта мектеп
13 Яцыкив Михаил Қарағанды облысы №9 Гимназия
14 Кабдуллина Дильназ Қостанай облысы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Ш. Уәлихановатындағы Әулиекөл орта мектебі
15 Оразбек Айбек Шығыс-Қазақстан облысы Камышенка орта мектебі
16 Бекмагамбетов Аслан Ақмола облысы Есілауданы, Красивинский орта мектебі
17 Елемесова Мадина Атырау облысы Мақатауданы, О.Саргунанов орта мектебі
18 Ұзаққайырова Аружан Батыс-Қазақстан облысы Акжаикский район, ШГ им. Абая
19 Скорая Галина Қостанай облысы Қостанай облысы, Денисов ауданы, № 1 Денисов орта мектебі
20 Өтеген Жанбибі Қызылорда облысы №85 мектеп

Атырауда ұлт рухын ұлықтаған «Махамбет оқулары» дарынды жастарды біріктірді

Атырау төрінде республикалық «Махамбет оқулары» өз жалауын көтерді. 9-10 қазан күндері өткен шығармашылық додаға еліміздің барлық өңірінен келген жүзге жуық дарынды оқушы қатысуда.

🎯Байқаудың басты мақсаты – ұлт руханиятындағы ұлы тұлға, ерлік пен өрліктің символына айналған Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштік пен ізгілікке баулу, тарихи таным көкжиегін кеңейту.

🖇️Асқақ рухты ақын мұрасын жаңғыртуға бағытталған өнер бәйгесі бес номинация бойынша өткізілді:

– «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық сурет салу;

– «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет өлеңдерін жатқа оқу;

– «Шашақты найза, шалқар күй» – ақын күйлерін орындаушылар байқауы;

– «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу сайысы;

– «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарының бірін қорғау.

🥇🥈🥉«Махамбет оқулары» бойынша үздік шыққан қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

🍀Шара бағдарламасы аясында қатысушылар Махамбет пен Исатай алаңындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Қараой елді мекеніндегі Махамбет мазарына және өңірдің көрнекті орындарына экскурсия жасады.

Рухы өр, сөзі от ақынның мұрасын дәріптеген бұл байқау – елдің ерлік шежіресін жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен отаншылдық сезім дарытудың жарқын үлгісі болмақ.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Махамбет оқулары) 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында Абай атындағы оқушылар орталығының базасында өтетіндігін хабарлайды.

Бекітілген ережеге сәйкес Махамбет оқуларына білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 8-11 сынып оқушылары – қатыса алады.

Махамбет оқуларының мақсаты мен міндеттері:

- мектеп  оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;

- олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру;

-тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру;

- дарынды балаларды анықтау, қолдау;

- әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою;

- бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.

Махамбет оқуларының Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Махамбет оқулары 5 бағыт бойынша өткізіледі (әр номинацияға –                             1 оқушы):

  1. «Ұлы арман» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты;
  2. «Ел құтқарар ер едім…» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты;
  3. «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерiн орындаушылар бағыты;
  4. «Тартынбай сөйлер асылмын…» - жас ақындар өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты;
  5. «Бiз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер»- «Хандар мен ел билеушiлер», «Батырлар» тақырыбының бipiн қорғау шығармашылық бағыты.

Махамбет оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан 90-ға жуық оқушылар қатысады деп күтілуде.

Махамбет оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті: Атырау облысы Білім беру басқармасы, «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы, байланыс телефондары: 8 778 907 93 37, эл. пошта atyrau_daryn@mail.ru

Қазақстан Халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, түркі елдері арасында техникалық және кәсіптік маман даярлауда көшбасшы екенін дәлелдеді.

Еліміздің жүлде қоржыны 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 «Үздік медальонмен» толықты. Бұл жеңіс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы реформалардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды.

Естеріңізге сала кетейік, 4-9 қазан аралығында Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен TurkicSkills-2025 чемпионатына Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас маман қатысты. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салаларын қамтитын 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Жарыстың жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов бұл чемпионаттың түркітілдес мемлекеттердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Қазақстанның бастамасымен алғаш рет ауқымды түрде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«TurkicSkills чемпионаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы техникалық және кәсіптік ұйымдар ынтымақтастығының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды шара. Бұл күндер достық пен өзара түсіністіктің, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды», – деп атап өтті вице-министр.

WorldSkills International кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш Қазақстанның халықаралық деңгейдегі әлеуетін ерекше атап өтті.

«Чемпионатының ауқымы мен ұйымдастырылу сапасы – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлік сайыстарын өткізуге толық дайын екенін көрсетеді. Бұл тәжірибе болашақта WorldSkills немесе WorldSkills Europe сияқты халықаралық жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Чемпионатты тамашалауға 5 мыңнан астам адам келді, колледждер мен кәсіпорындар арасында 100-ге жуық ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталады

📚8-10 қазан аралығында еліміздің барлық аудан орталықтарында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтеді.

🎯Олимпиаданың басты мақсаты — ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды анықтау, олардың білімге деген ынтасын арттыру және кәсіби бағдарлануына қолдау көрсету.

⬆️Биылғы жылы аудандық кезеңге 13 пән бойынша бірінші кезеңнен іріктелген 62 310 оқушының қатысуы күтілуде. Олимпиаданың бұл кезеңі тест түрінде, бір тур форматында ұйымдастырылады.

🍀Өңірлерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы мен ауа райы жағдайларының тұрақтылығы ерекше назарда.

💡Әрбір қатысушы мен жетекші ұстаз академиялық адалдық қағидаттарын берік ұстанады, деп сенеміз.

🌟Барлық қатысушыларға сәттілік пен жетістік тілейміз!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға (бұдан әрі – Олимпиада) қатысуға ниет білдерген оқушылар 2025 жылдың 9-15 қыркүйек аралығында smart.daryn.kz сайтында тіркелуі тиіс.

Ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) мектепішілік кезеңіне тіркеу деректерін толтыру барысында жіберілген қателіктерді кейіннен түзету мүмкіндігі қарастырылмағанын назарларыңызға саламыз (нұсқаулықтың деректерді толтыру 1.2 бөлімінде ескертіп жазылған).
Қателіктердің алдын алу үшін тіркеу нұсқаулығымен мұқият танысып, барлық талаптарды қатаң сақтауларыңыз қажет.
Олимпиадаға қатысуға арналған тіркеу процесіне барынша жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Ақпараттық хат:
https://drive.google.com/file/d/1rk-xup-eKiZ9kX_anEEmcg7lUPgliv1h/view?usp=sharing

https://drive.google.com/file/d/1AZv2W-2tsemNimKeLanB_yctLQClcmoX/view?usp=sharing

Тіркелу платформасы:
https://smart.daryn.kz/kk/auth/login

Нұсқаулық:
Қазақша нұсқаулық
Орысша нұсқаулық

Видео-нұсқаулық:
Қазақша видео-нұсқаулық
Орысша видео-нұсқаулық

Пән Сілтеме
1 Орыс мектептеріндегі қазақ тілі Қарау/Смотреть
2 Орыс мектептеріндегі қазақ тілі Қарау/Смотреть
3 Құқық негіздері Қарау/Смотреть
4 Құқық негіздері Қарау/Смотреть
5 Құқық негіздері Қарау/Смотреть
6 Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
7 Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
8 Ағылшын тілі Қарау/Смотреть
9 Ағылшын тілі Қарау/Смотреть
10 Ағылшын тілі Қарау/Смотреть
11 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі Қарау/Смотреть
12 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі Қарау/Смотреть
13 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі Қарау/Смотреть
14 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
15 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
16 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
17 Қазақстан тарихы Қарау/Смотреть
18 Қазақстан тарихы Қарау/Смотреть
19 Қазақстан тарихы Қарау/Смотреть

Пән Сілтеме
1 Орыс мектептеріндегі қазақ тілі Қарау/Смотреть
2 Орыс мектептеріндегі қазақ тілі Қарау/Смотреть
3 Құқық негіздері Қарау/Смотреть
4 Құқық негіздері Қарау/Смотреть
5 Құқық негіздері Қарау/Смотреть
6 Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
7 Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
8 Ағылшын тілі Қарау/Смотреть
9 Ағылшын тілі Қарау/Смотреть
10 Ағылшын тілі Қарау/Смотреть
11 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі Қарау/Смотреть
12 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі Қарау/Смотреть
13 Қазақ мектептеріндегі орыс тілі Қарау/Смотреть
14 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
15 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
16 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау/Смотреть
17 Қазақстан тарихы Қарау/Смотреть
18 Қазақстан тарихы Қарау/Смотреть
19 Қазақстан тарихы Қарау/Смотреть

Пән Сілтеме
1 Биология Қарау/Смотреть
2 Биология Қарау/Смотреть
3 Биология Қарау/Смотреть
4 Математика, география Қарау/Смотреть
5 Информатика Қарау/Смотреть
6 Информатика Қарау/Смотреть
7 Информатика Қарау/Смотреть
8 Информатика Қарау/Смотреть
9 Информатика Қарау/Смотреть
10 Физика, химия Қарау/Смотреть

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданының IV (республикалық) кезеңінің жаратылыстану-математикалық бағыты 2024 жылғы 26-30 қараша аралығында, қоғамдық-гуманитарлық бағыты 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтетінін хабарлаймыз. Облыстық кезеңге 13 пән бойынша облыстық кезеңнен өткен 1000 жуық оқушы қатысады деп күтілуде.
IV кезең дәстүрлі форматта, екі турдан өтеді.  «Физика» және «Химия» пәндері бойынша эксперименттік турлар жүреді.

Олимпиаданың IV кезеңінің әрбір қатысушысы жеке жұмыс орнымен, жауап парақтарының бланкілерімен, оның оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіледі. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданың өту процесі онлайн режимде көруге арналған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Олимпиада барысын ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары қадағалайды.

Турлар аяқталғаннан кейін тапсырмалар «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.

ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі.

 

Ауылдық жерде орналасқан мамандандырылған білім беру ұйымдарынан басқа, ауылдық жердегі мектептердің  9-11(12) сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

  • Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11 сынып оқушылары қатыса алады;
  • Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы;
  • Аталмыш олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары, биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне (қатысқан пәні бойынша) конкурстан тыс қатыса алады (биылғы олимпиаданың барлық кезеңдеріне қатысу міндетті);
  • Қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында а.ж. 4-20 қыркүйекке дейін оқитын мектептерінде компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуі тиіс.
  • Толық ақпарат daryn.kz сайтында.

Айта кетсек биыл олимпиада 4 кезеңнен өткізіледі:

бірінші кезең (бастапқы) – қыркүйек айы;

екінші (аудандық) – қазан айы;

үшінші (облыстық) – қараша айы;

төртінші (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

 

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы екінші рет өткізіледі. Аталмыш бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізіледі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атап өткендей, мұндай ауқымды шараның өткізілуі – еліміздің бүкіл оқу-ағарту саласының жетістігі мен жоғары мәртебе.

«Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Қазақстандық мектеп оқушыларының беделді олимпиадаларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді. Сондықтан республикалық олимпиадалардың әрқайсысының сапалы әрі жоғары деңгейде өтуі маңызды», – деп қорытындылады Ғани Бейсембаев.

Айта кету керек, тұңғыш рет өткізілген олимпиадаға еліміздің шын мықты 700 астам ауыл оқушысы қатысқан болатын. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен жоғары оқу орындары ректорларының 69 гранты  табысталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Пән Камера №1 Камера №2 Камера №3 Камера №4 Камера №5
1 күн
1 Ағылшын тілі Қарау Қарау Қарау
2 Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті, Тарих Қарау Қарау Қарау Қарау Қарау
3 Құқық негіздері Қарау Қарау Қарау Қарау
4 Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі Қарау Қарау
5 Орыс тілі мен әдебиеті Қарау Қарау Қарау
2 күн
6 Ағылшын тілі Қарау Қарау
7 Тарих, Құқық негіздері, Орыс тілі мен әдебиеті Қарау Қарау Қарау Қарау Қарау
8 Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі Қарау Қарау
9 Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау Қарау Қарау
10 Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі Қарау Қарау

Жаратылыстану-математикалық бағыт
Пән Камера №1 Камера №2 Камера №3 Камера №4 Камера №5
1 күн
1 Математика Қарау Қарау Қарау
2 Биология, Химия Қарау Қарау Қарау
3 География Қарау Қарау Қарау Қарау
4 Физика Қарау Қарау Қарау
5 Информатика Қарау Қарау Қарау Қарау Қарау
2 күн
6 Математика Қарау Қарау Қарау
7 Биология Қарау Қарау Қарау
8 География Қарау Қарау Қарау Қарау Камера №5: Қарау
Камера №6: Қарау
9 Физика Қарау Қарау Қарау
10 Химия Қарау Қарау Қарау Қарау Қарау
11 Информатика Қарау Қарау Қарау Қарау Қарау

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданының үшінші (республикалық) кезеңі жаратылыстану-математикалық бағыты 2024 жылғы 14-18 қаңтар аралығында, қоғамдық-гуманитарлық бағыты 21-25 қаңтар аралығында Астана қаласында өтетінін хабарлаймыз. Облыстық кезеңге 13 пән бойынша екінші (іріктеу) кезеңнен өткен 1000 жуық оқушы қатысады деп күтілуде.
Үшінші кезең дәстүрлі форматта, екі турдан өтеді.  «Физика» және «Химия» пәндері бойынша эксперименттік турлар жүреді.

Олимпиаданың үшінші кезеңінің әрбір қатысушысы жеке жұмыс орнымен, жауап парақтарының бланкілерімен, оның оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіледі. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданың өту процесі онлайн режимде көруге арналған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Олимпиада барысын ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары қадағалайды.

Турлар аяқталғаннан кейін тапсырмалар «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданының екінші (іріктеу) облыстық кезеңі 2023 жылдың 22 желтоқсанда қоғамдық-гуманитарлық бағыты, 23 желтоқсанда жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өтетінін хабарлаймыз. Облыстық кезеңге 13 пән бойынша бірінші кезеңнен өткен 25 844 оқушы қатысады деп күтілуде.
Екінші кезең дәстүрлі форматта, бір турдан аудан орталықтарында өтеді. Өңірлерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ауа райының қолайсыздығын ескере отырып өткізу жоспарлануда.
Әрбір қатысушы олимпиаданың академиялық адалдық принциптерін сақтайды деп сенеміз.

II кезеңге өтуге шектік балдар

Өткізу кестесі

Тапсырмалар мен шешімдер

Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы биылғы жылдың қараша және 2024 жылдың қаңтар айлары аралығында алғаш рет өткізіледі. Аталмыш бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінде өткен аппарат отырысында белгілі болды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.

«Республикалық олимпиадаларда академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде жіберіледі. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні көрінбейді. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады», - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Жоғарыда аталған қағидалардың барлығы ең беделді әлемдік IMO, IPhO, IChO, IBO, IGeO, IOI және IOL олимпиадалардың ережелеріне сүйеніп жасақталған. Бұл олимпиадаларда жеңімпаз болған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан 500-ден 1500 АЕК-ке дейін қаржылық қолдау көрсетіледі. Биылғы жылы 23 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

«Қазақстандық оқушылардың осындай жоғары жетістіктерін ескере отырып, халықаралық ұйымдастыру комитеті биологиядан ең беделді әлемдік олимпиаданы 2024 жылы Астанада өткізу туралы шешім қабылдады. Оған 80 елден 330-ға жуық үздік жас биолог қатысады деп күтілуде», - дейді Ғаждембек Тұрсынов.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атап өткендей, мұндай ауқымды шараның өткізілуі – еліміздің бүкіл оқу-ағарту саласының жетістігі мен жоғары мәртебе.

«Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Қазақстандық мектеп оқушыларының беделді олимпиадаларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді. Сондықтан республикалық олимпиадалардың әрқайсысының сапалы әрі жоғары деңгейде өтуі маңызды», – деп қорытындылады Ғани Бейсембаев.

Айта кету керек, елімізде жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасында олимпиадалар ұйымдастырылады. Оларға 300 мыңға жуық мектеп оқушысы қатысуда.

Мемлекеттік тіл – бірліктің символы: «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасы аяқталды

✅Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін насихаттауға бағытталған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасының қорытындысын шығарды.

👨‍💼Олимпиадаға қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердің 5-10-сынып оқушылары, яғни ұлты қазақ емес өзге ұлт өкілдері қатысуға мүмкіндік алды.

🖥️2025 жылы бұл зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірінен 14 342 оқушы қатысты (2024 жылы – 12 558).

Олардың ішінде:

5-6 сыныптар – 4556 қатысушы,

7-8 сыныптар – 5025 қатысушы,

9-10 сыныптар – 4761 қатысушы.

🏆Нәтижесінде жоғары балл жинаған қатысушылардың 45%-ы «Дарын» РҒПО-ның I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Ал, ауыл мектептерінің үлесі 47%-ды құрады. Бұл көрсеткіш олимпиаданың кең географиялық ауқымын және мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтың артқанын айғақтайды.

📎 «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және тіл мәдениетін дамыту.

🎯Олимпиада нәтижелері www.daryn.kz

сайтында жарияланды. Сертификаттар мен дипломдарды www.games.daryn.kz

платформасындағы жеке кабинеттен жүктеуге болады.

Тікелей көрсетілімдерге сілтеме

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2025 жылғы 22–23 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Ережеге сәйкес, Олимпиадаға қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде білім алатын және этникалық қазақ болып табылмайтын 5–10 сынып оқушылары, яғни өзге ұлт өкілдері ғана қатыса алады.

 

ҚАТЫСУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Аккаунтты тіркеу. 2025 жылғы 16 қыркүйекте сағат 09:00-ден бастап 18 қыркүйекте сағат 20:00-ге дейінгі уақыт аралығында games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, жеке мәліметтердің дұрыстығын (А.Т.Ә., сыныбы, мектебі) тексеру қажет. Аккаунт болмаған жағдайда көрсетілген мерзімде тіркеуден өту керек.
  2. Қатысуды растау. Көрсетілген кезеңде қатысушы жеке кабинетке кіріп, «Қатысуды растау» батырмасын басуы тиіс. Қатысуын растаған оқушылар ғана Олимпиадаға жіберіледі.
  3. Тест тапсыру. 2025 жылғы 22–23 қыркүйек аралығында қатысушылар жеке кабинетте тест тапсырмасын орындайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін «Жіберу» батырмасын басу қажет.

Қатысушылар білуі тиіс: батырма басылғаннан кейін тек қатысушы таңдаған жауаптар ғана көрсетіледі. Дұрыс жауаптар көрсетілмейді.

Сыныптар бойынша Олимпиада өткізу кестесі және қатысушылар саны көрсетілген мектептердің тізімі 2025 жылғы 19 қыркүйекте www.games.daryn.kz сайтында жарияланатын болады.

 

Ұйымдастыру талаптары

Облыстық білім басқармаларына, «Дарын» өңірлік орталықтарына, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-на және республикалық білім беру ұйымдарына оқушылары Олимпиадаға қатысатын әрбір мектеп аудиторияларды төмендегі талаптарға сәйкес дайындауды қамтамасыз ету қажет:

  • интернетке қосылған компьютерлер немесе ноутбуктар болуы, Google Chrome браузерін пайдалану;
  • ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету үшін әр аудиторияға кемінде екі жалпы көрініс камерасын орнату;
  • сыртқы бақылау үшін YouTube-та онлайн-трансляция ұйымдастыру;
  • ДКСО, «Дарын» РҒПО, өңірлік білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ өңірлік / аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің және «Адалдық алаңы» кеңселерінен шақырылған өкілдердің қатысуын қамтамасыз ету.

YouTube-трансляция сілтемелерін уақтылы жинап, 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін ұсыну жауапкершілігі «Дарын» өңірлік орталықтарына жүктеледі.

 

Нәтижелер

2025 жылғы 8 қазаннан бастап қатысушылар Олимпиаданың нәтижелерімен www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде таныса алады.

Қосымша нұсқаулықтар сайтта жарияланатын болады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (әрі қарай – «Дарын» РҒПО) 2024 жылғы жоспарына сәйкес а.ж. 3-4 қазан аралығында «Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушыларына арналған  «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасын өткізеді. (бұдан әрі – Олимпиада).

Олимпиаданың Ережесі daryn.kz сайтында орналастырылған.

Ережеге сәйкес Олимпиадаға қазақ мектептерінде оқымайтын, ұлты қазақ емес 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысу үшін www.games.daryn.kz сайтында тіркелу қажет.  Аккаунттың енгізілгенін және деректердің дұрыстығын тексеру үшін (қатысушының аты-жөні) www.games.daryn.kz сілтеме бойынша жеке кабинетке 2024 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) кіру қажет. Егерде Аккаунт болмаған жағдайда 27-30 қыркүйек (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) аралығында www.games.daryn.kz сайтына тіркелу қажет.

Тіркелу кезінде әр қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын пайдаланады (өзге адамның  электрондық  поштасы болмауы керек).

Өткізу уақыты мен кестесі туралы қосымша ақпарат 2024 жылғы                             1 қазанда www.games.daryn.kz сайтында  жарияланады.

Қатысушылар Олимпиадалық тапсырмаларын белгіленген уақыттың ішінде орындай алады. Қатысушыларға тек компьютер немесе ноутбук және Google Chrome браузері қолдану ұсынылады. Олимпиаданы өткізу кезінде ашықтықты сақтау мақсатында, онлайн режимінде көру үшін, бейнебақылау жүйесін қамтамасыз ету қажет (бір аудиторияда жалпы түрдегі кемінде екі камера).

Олимпиада тапсырмаларын орындау кезінде, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін, бақылауды көрсетілген мерзімде YouTube трансляциясы бойынша ОББД (Орта білім беруді бақылау департаменті), «Дарын» РҒПО, өңірлердің білім басқармаларының өкілдері, «Адалдық аланы» өкілдері, өңірлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері жүзеге асыратын болады.

Олимпиада қатысушылары тарапынан бұзушылықтары анықталған жағдайда нәтижелері жойылады.

2024 жылғы 1 қазан күні өңірлік Дарын орталықтарына облыс бойынша өту орнын дайындауға және YouTube трансляциясының сілтемелерін толтыруға арналған мектеп және қатысушылар тізімі беріледі. Сол тізім бойынша мектептер қатысушыларға орын (YouTube трансляциясы қосылған кабинет және интернетке қосылған компютер немесе ноутбук) дайындаулары қажет.

Сілтемелерді жинау өңірлік Дарын орталықтарына жүктеледі.

Олимпиада аяқталғаннан кейін, 2024 жылғы 11 қазанынан бастап, қатысушылар өздерінің жеке кабинеттеріне кіріп, нәтижелерін www.games.daryn.kz сайтында тексере алады.

Қосымша нұсқаулар www.games.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты өзге ұлт өкілдерінің  5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі қарай – Олимпиада) ағымдағы  жылдың 21-22 қыркүйегінде  www.games.daryn.kz платформасында өткізді.

Олимпиадаға республика бойынша 16 856  мектеп оқушылары  қатысты.

Оның ішінде: 10555 оқушы - 5-8 сынып; 6301оқушы - 9-11(12)  сынып.

Ең жоғары ұпай жинаған жалпы қатысушылар санының 45% -ы «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданың сынып бойынша балл аралығы

Сынып I орын

 

2 орын

 

3 орын Максималды балл
5 170-158 157-154 153-146 170
6 170-159 158-154 153-147 170
7 170-160 159-155 154-146 170
8 170-162 161-157 156-148 170
9 170-157 156-151 150-142 170
10 170-143 142-138 137-130 170
11(12) 170-161 160-156 155-148 170

 

I,II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталған оқушылар саны

 

Сынып I дәрежелі диплом

 

II дәрежелі

диплом

III дәрежелі

диплом

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны
5 303 377 694 1374
6 259 364 567 1190
7 210 394 597 1201
8 241 407 681 1329
9 306 428 680 1414
10 214 312 556 1082
11(12) 106 141 255 502
5-11(12) 1639 2423 4030 8092

 

Олимпиаданың қорытындысы мен нәтижелері www.daryn.kz сайтында жарияланды.

Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен жүктей алады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі қарай – Олимпиада).

Олимпиада мақсаты - қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын, лингвистикалық бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Олимпидаға қазақ мектептерінде оқымайтын, ұлты қазақ емес 5-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпида Ережесі «Дарын»РҒПО ресми сайтында www.daryn.kz. орналасқан.

Қатысушылар www.games.daryn.kz платформасындағы (бұдан әрі - Платформа) жеке кабинетіне кіріп, олимпиадаға қатысуын растауы керек. Жеке кабинеті болмаған жағдайда, қатысушылар ең алдымен Платформада тіркелуі қажет. Платформаға тіркелу және Олимпиадаға қатысуды растау ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде (Астана қ. уақыты бойынша) қолжетімді болады.

Олимпиада қашықтықтан онлайн режимде Платформасында ағымдағы жылдың 21 қыркүйекте 5-8 сынып оқушылары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал 22 қыркүйекте 9-11 (12) сынып оқушылары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) қатыса алады.

Оқушы жеке кабинетте қатысуын растамаса, Олимпиадаға қатысуға жол берілмейді.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломына оқушыны олимпиадаға дайындаған мұғалімінің аты-жөні, тегі қоса жазылады.

Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі күні сағат 9:00-ден бастап жүктей алады.

Осы хатқа Олимпиада нұсқаулығы қоса беріледі.

2022 жылғы 28 сәуірде қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық олимпиадасы қашықтықтан өткізілді.

Олимпиадаға 11059 оқушы қатысты. Оның ішінде, 6645 оқушы 5-7 сынып, 4413 оқушы 8-9 сынып оқушылары.

Олимпиаданың Ережесені сәйкес, қатысушы олимпиадашылардың (5-9 сынып аралығындағы) 444-і бірінші орын, 669-ы екінші орын, 1109-ы үшінші орынға ие болды.

 

Ең жоғары ұпай жинаған жалпы қатысушылар санының 45%-ы «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады:

5-7 сынып бойынша:

– 95-101 ұпай – І орын;

– 91-94 ұпай – ІІ орын;

– 84-90 ұпай – ІІІ орын.

 

8-9 сынып бойынша:

– 87-95 ұпай – І орын;

– 83-86 ұпай – ІІ орын;

– 75-82 ұпай – ІІІ орын.

Ескерту: Олимпиада қатысушылары ағымдағы жылдың 23 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетіне кіріп өзінің ұлтын көрсетіп, мәліметтерді сақтауы қажет. Ал бұл өз кезегінде 25 мамыр күні қатысушылардың сертификаттары мен дипломдары дұрыс мәліметтермен жүктеп алынуы үшін қажет.

Сайтта Олимпиада нәтижелерін жариялау кезінде www.games.daryn.kz қатысушының аты-жөні, баллы және пошта атауының басталуы көрсетіледі (мысалы: B.SH.mad*** - сайтта көрсетілген поштаны еске салу үшін app.oqylyq.kz).

5 сынып/класс

6 сынып/класс

7 сынып/класс

8 сынып/класс

9 сынып/класс

===== WWW.DARYN.KZ =====

2022 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға оқушылар қашықтықтан қатысып, онлайн форматта app.oqylyq.kz сайтында тапсырмалар орындады.

Қатысушы оқушылардың көптігіне байланысты олимпиаданың қорытындысы 19 мамырда daryn.kz сайтына шығарылады.

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды туры онлайн тәртібінде прокторинг жүйесінде 28 қаңтарда өткізілді.

Дәстүрлі түрде олимпиада 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Олимпиада екі турдан тұрды – қашықтық және қорытынды. Олимпиаданың қашықтық турына 9579 өзге ұлт оқушылары қатысты. Оның ішінде 5-8 сынып аралығында 6751 оқушы, 9-10 сынып аралығында 2828 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытынды турына өзге ұлт өкілдерінен барлығы 145 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 80, 9-10 сыныптан – 65 оқушы, оның ішінде 27 оқушы ауылдық білім беру мекемелерінен.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары екі топқа бөлінді: түркітілдес ұлт оқушыларына және өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар.  Тест тапсырмалары 60 сұрақтан тұрды, қатысушылар лексика-граммматика бойынша 30 тапсырманы және оқу бойынша 30 тапсырманы орындады. Тапсырмаларды орындауға 60 минут уақыт берілді.

І дәрежелі дипломдармен  9 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 16 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен  28 қатысушы марапатталады. Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол 8 ақпанда www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың жабылу салтанаты YouTube каналында 2021 жылдың 5 ақпанында сағат 15.00-де өтеді.

 

5-8 кл иные этносы

5-8 кл туркояз

9-10 кл иные этносы

9-10 кл туркояз

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының 1 туры онлайн тәртібінде 18 қаңтарда «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында өткізілді.

Олимпиадаға өзге ұлт өкілдерінен барлығы 9579 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 6751, 9-10 сыныптан – 2828 оқушы.

2 тур – қорытынды (республикалық), қашықтық турдың қорытындысы бойынша онлайн тәртібінде а.ж. 28 қаңтарда сағат 15.00-де прокторинг және бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы өтеді. Олимпиаданы ұйымдастыру «Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында өткізіледі.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары:

- түркітілдес ұлт оқушыларына арналған тапсырмалар;

- өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар болып бөлінеді.

Олимпиадалық тапсырмаларға мыналар кіреді:

лексика - грамматика– 30 тапсырма;

оқу – 30 тапсырма.

Турдан өту уақыты – 60 минут.

Тіркелу кезінде көрсетілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеру қажет. Тіркеуден кейін енгізілген мәліметтерді өзгерту мүмкін емес.

Олимпиаданың қорытынды турына қашықтық турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады. Қорытынды турға өткен оқушылардың тізімі «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында жарияланады және өңірлік координаторларға жіберіледі.

Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қорытынды тур бойынша нұсқаулық www.daryn kz сайтында жарияланады.

5-8 сыныптар

9-10 сыныптар

Халықаралық информатика олимпиадасында қазақстандықтар төрт жүлдеге ие болды

🏆​​Қазақстандық оқушылар информатикадан Халықаралық олимпиадада төрт медаль ұтты

💻Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

🇰🇿 Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады.

🥈 Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;

🥈 Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;

🥈Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

🥉 Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.

🔔Құрама жетекшілері: Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай.

🔔 Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды.

ℹ️ Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл беделді жарысқа 1998 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар барлығы 75 медаль жеңіп алды.

Географиядан өткен Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке қол жеткізді

Оқушыларға арналған ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалар — IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI — өз жалғасын табуда. Бүгін Таиландта өткен география пәні бойынша IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Үш кезең бойынша есептелген қорытынды нәтижеге сәйкес, Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Біздің оқушылар екі алтын және екі күміс медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.

🥇 Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып

🥇Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып

🥈 Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып

🥈 Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып

🔔 Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.

Қазақстандық оқушылар Халықаралық экономика олимпиадасында (IEO) бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді.

🇦🇿2025 жылғы 20–29 шілде аралығында Әзербайжанның Баку қаласында экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған беделді International Economics Olympiad (IEO) өтті.


🧮Биылғы зияткерлік додаға 55 елден 280-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан командасы жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің алдыңғы қатарлы командаларының қатарына енді. Әсіресе бизнес-кейс кезеңінде АҚШ, Жапония және Ұлыбритания командаларын артта қалдырып, үздік өнер көрсетті.

🥇 Батырхан Мұхтархан — Астана қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;

🥈Әділет Абзалиев — Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

🥈Нұрхан Төлеев — Астана қаласындағы НЗМ-11-сынып оқушысы;

🥉 Томирис Оспан — Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы;

Құрмет грамотасы — Даниал Арыстан, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы.

🔔Команда жетекшілері:

Руслан Мулдашев — «Paradigm Shift» ЖШС-нің қаржы директоры;

Айгүл Қарқұлова — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.

Қазақстан құрамасы IOL-2025 олимпиадасында соңғы екі жылдағы ең үздік нәтижесін көрсетті

🇹🇼Тайваньның Тайбэй қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың (International Linguistics Olympiad, IOL) жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Зияткерлік додаға әлемнің 47 елінен 400 оқушы қатысты.

🕹️Дәстүр бойынша, жабылу салтанаты жеке және командалық тур тапсырмаларының шешімдерін таныстырумен басталды. Биылғы жеке турда қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады:

• дзонг-кэ тіліндегі сан есімдер (сино-тибет тілдер шоғыры, Бутан);

• гаам тіліндегі меншіктілік (нило-сахара тілдер тобы);

• курия тілінің морфосинтаксисі (банту тілдер шоғыры, Кения мен Танзания);

• кева тіліндегі құрылымдарды салыстыру (трансжаңа-гвинея тілдер шоғыры, Папуа — Жаңа Гвинея);

• какчикель тіліндегі психолингвистикалық тапсырма (майя тілдер шоғыры, Гватемала).

Командалық турда қатысушылар Непалдағы туыстас сино-тибет тілдері — цамлинг пен бантава бойынша күрделі тапсырманы бірлесе шешті.

Қазылар алқасы мен халықаралық комитет мүшелері шешімімен бірінші тапсырма — дзонг-кэ тіліндегі сан есімдер — ең оңай әрі қызықты деп танылды.

💎Қазақстан құрамасы соңғы екі жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, екі Құрмет грамотасын (төртінші орын) иеленді:

📜 Рамазан Бутантаев — Маңғыстау облыстық IT-лицейінің 10-сынып оқушысы;

📜 Шыңғыс Қарасаев — Батыс Қазақстан облысындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Сонымен қатар команда құрамында:

🔹 Самир Сарбасов — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

🔹 Зере Серікова — Астана қаласындағы №9 «Зерде» мектебінің 11-сынып оқушысы болды.

Команда жетекшілері:

👩🏻‍🏫Аида Дәулетова — Германиядағы Тюбинген университетінің 1-курс студенті, лингвистика және география пәндерінен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;

👩🏻‍🏫Орал Шайхина — Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының маманы.

Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша IBO халықаралық олимпиадасында төрт қола медаль иеленді.

🦠Филиппинде мектеп оқушыларына арналған әлемдегі басты зияткерлік сайыстардың бірі – Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2025) өз мәресіне жетті. Биыл бұл додаға 80 елден 320-дан астам дарынды жас қатысты.

🇰🇿 Қазақстан құрамасының барлық төрт мүшесі қола медаль иеленіп, 100 пайыздық командалық нәтиже көрсетті:

🥉 Ерсултан Қайыркен – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

🥉 Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥉Айғаным Балташева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥉Алихан Ашырханов – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.

🔔Команданың ғылыми жетекшілері – отандық ғылымды белсенді дамытып жүрген жас биолог-ғалымдар Лейла Асқарова мен Ильяс Сакимов.

Францияда өткен IPhO-2025 халықаралық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы бес жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды.

📊 Биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстан бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль иеленді.

🥈 Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥈 Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥉 Әмір Пшенбаев — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥉 Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

🥉 Артур Ким — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

👨‍🔬 Команданың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық физика жарысы.

IPhO-ның негізгі мақсаты — теориялық және эксперименттік физика саласындағы білімді, аналитикалық қабілетті, сыни ойлауды, есеп шығару және практикалық дағдыларды барынша жоғары деңгейде тексеру.

55-ші Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO 2025) 2025 жылғы 18–24 шілде аралығында Париж қаласының маңындағы Палезо қалашығында өтеді.

Иранның Исфахан қаласында өткен IPhO-2024 54-халықаралық физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстанның ұлттық құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
🥈Марғұлан Нұрсагатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
🥈Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Пшенбаев – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥉Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсутов – PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтжанов – SDU University физика пәні мұғалімі.

IMO-2025: Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Аустралияда өткен мектеп оқушыларына арналған ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі — Математикадан халықаралық олимпиадада (International Mathematical Olympiad, IMO-2025) отандық оқушылар алты медаль жеңіп алды.

📚 Биыл бұл олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық ең үздік жас математик қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 17-орынға ие болып, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

🥈Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥈Амирлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥈Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥈Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥉Ерасыл Алтынбек — Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы;

🥉 Ерқанат Кеншілік — Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

👨‍🏫 Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, IITU ректоры Асылбек Исахов пен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Канат Сатылханов. Олардың жетекшілігімен қазақстандық оқушылар әлемдік деңгейдегі білім сайыстарында тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

61-ші Халықаралық математикалық олимпиадасы Санкт-Петербург қаласында өтуі тиіс еді. Алайда 2020 жылы пандемия жағдайында олимпиаданың тарихында бірінші рет бұл жарыс 20-28 қыркүйек аралығында онлайн форматында өтеді.

Халықаралық математикалық олимпиадасы (International Mathematical Olympiad) – бұл жыл сайын мемлекеттердің бірінде өткізілетін жоғары сынып оқушыларына арналған математикадан чемпионат.Соңғы жылдары Олимпиадада 5 құрлықтан 100-ден астам мемлекет қатысуда. Алғашғы Олимпиада 1959 жылы 7 елдің қатысуымен Румыния мемлекетінде өткен болатын.Ресей осымен 5-ші рет Халықаралық математикалық олимпиаданы өткізу мәртебесіне ие болып отыр.

Қазақстандық оқушылар 1993 жылы алғаш рет Халықаралық математикалық олимпиадаға қатысқан еді. Ал 2010 жылы Қазақстан 51-ші IMO-ның ұйымдастырушысы болып тағайындалды. Мұндай ірі іс шараны өткізу үшін қажетті барлық талаптарды өтіп, еліміз Олимпиаданы абыроймен атқарды. Сол Олимпиадада 100-ден астам елден 500 оқушы қатысқан еді.

1993 жылдан бері Халықаралық математикалық олимпиадасында Қазақстаннан 156 оқушы қатысты. Олар 15 алтын, 33 күміс, 64 қола медалді  және 27 мақтау грамотасын иеленді.

Ұлттық команда Информатика бойынша республикалық олимпиада және іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде  құрылады.

Ұлттық команданың мүшелері: Сатубалдин Таир – Алматы қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы;

Бектемисов Тамирлан - Алматы қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы;Тен Юрий – Алматы қ. «Heileybury»,мектебінің оқушысы; Сам Фетуллах- Нур-Султан қ. «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы; Дуйсенбеков Данат - «Spectrum» халықаралық мектебінің оқушысы; Шынтас Нуртас - Алматы қ. «Heileybury» мектебінің түлегі.

Ұлттық команданың жаттықтырушысы – Сатылханов Канат, математикадан халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

61-ші Халықаралық математикалық олимпиадасында ұлттық командамызға жеңіс тілейміз!

Қазақстандық оқушылар Халықаралық химия олимпиадасын бағындырды: IChO-2025 сайысында төрт медаль еншіледі

2025 жылғы 05-14 шілде аралығында Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өткен 57-ші Химиядан халықаралық олимпиада (IChO) өз мәресіне жетті.
IСҺO-7 беделді олимпиадалардың бірі. Биылғы жылы аталған зияткерлік сайысқа 90 елден келген 360 оқушылар қатысты.
Қазақстан құрамасы 4 қатысушы мен 2 жетекшіден жасақталды.
Химиядан халықаралық олимпиадада (IChO) қазақстандық оқушылар 2 алтын мен 2 күміс медальдарға қол жеткізіп, 100% көрсеткішке ие болды:

🥇Кирилл Ким — Астана қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
🥇Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
🥈Енлик Бакытбекова — Алматы қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
🥈Ансар Жаксылыков — Ақтөбе облысы, «Білім-инновация» лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы
Қазақстан құрамасының жетекшілері халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары Бегдаир Санжар мен Илюсизов Ринат.

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

🇱🇹 Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды.

🥇 Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы — Дарын Бекбол иеленді. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды.

🥉 Қола жүлдені Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы — Микаэль Почукаев жеңіп алды.

Негізгі (үлкен) жас санатында (16–19 жас) Қазақстан құрамасының қоржынына медаль салғандар:

🥈 — Қостанай қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов;

🥈 — Талдықорған қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Ақжол Болат;

🥉 — Ақтөбе қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Алихан Калмагамбетов;

🥉 — Павлодар қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Мансур Тұрсынғалиев;

🥉 — Талдықорған қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Рамиль Имашев.

📌 Команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары — республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері Абай Дүйсен мен Ақберен Айжарық.

🎉 Біз жастарымызбен мақтанамыз!

Айта кетейік, EGeo олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат — география және экология саласына қызығушылықты арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырма және дала туры. Барлық тапсырмалар ағылшын тілінде орындалады. 2024 жылы Қазақстан құрамасы алты медаль еншілеген болатын.

Географиядан Еуропалық олимпиада-бұл Еуропа елдерінің мектеп оқушыларына арналған өңірлік география пәні бойынша халықаралық олимпиада. Олимпиада бағдарламасы теориялық жазбаша айналымды, мультимедиялық тест (ағылшын тілінде) және далада өтетін тәжірибелік айналымды қамтиды.

Олимпиаданың мақсаттары география мен қоршаған ортаны зерттеуге қызығушылықты арттыру, Географиядан халықаралық олимпиадаға  (IGeO) ұлттық құрамаларды дайындау және қатысушы елдер арасында мәдени алмасу мен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

EGEO олимпиадасы 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. EGEO 2024 Сербияның Копаоник қаласында 28 маусым мен 4 шілде аралығында өтті. Олимпиадаға 11 елден 104 оқушы қатысты.

Қазақстан 2023 жылдан бастап EGEO олимпиадасына қатысады және жыл сайын 6 оқушыдан құралған ұлттық құрама жібереді. 2024 жылы EGEO олимпиадасында Қазақстан командасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

2025 жылғы Географиядан Еуропалық олимпиада 29 маусым мен 03 шілде аралығында Вильнюс (Литва) қаласында өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ГЕОГРАФИЯДАН ЕУРОПАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА EGEO АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
🇷🇸Сербия Республикасының Белград қаласында географиядан Еуропалық олимпиада EGeO аяқталып, Қазақстан құрамасы алты медаль жеңді. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.
🇰🇿Кұрама команда нәтижесі:
🥇Арсен Сыдыков - Шымкент қаласындағы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
🥇 Андрей Енбахтов - Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
🥈Ақжол Болат - Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
🥈Қанат Серікбай - Шымкент қаласындағы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Дарынов - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
🥉Жомарт Сабыр - Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
👨🏻‍🔬Команда жетекшісі - Абай Дүйсен - республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Белград қаласында (Сербия) 9 елден келген 98 оқушының қатысуымен Еуропалық география олимпиадасы (EGeO) аяқталды.

 

Қазақстан командасын 6 қатысушы – 2023 жылғы география пәнінен республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрады.

 

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық мектеп оқушылары 6 медаль, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті:

Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;

Аида Давлетова –Астана қаласының НЗМ 11 сынып оқушысы – күміс медаль;

Қанат Серікбай – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – күміс медаль;

Әрсен Сыдықов – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Сабыр Жомарт – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль.

«Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқау оқушылардың географиялық және экологиялық зерттеулерге қызығушылығын ояту, жастар арасында географияның ғылым ретінде маңыздылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде беріледі», – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.

 

Жас географтарымыз ел намысын әлемдік аренада лайықты қорғап жүргендігін атап айтқымыз келеді. Мәселен, 2022 жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан құрамасы ISPhO-2025 олимпиадасында жүлде үшін бақ сынауда

Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO) өтуде. Олимпиадада Қазақстан Республикасының атынан бес оқушыдан құралған ұлттық құрама қатысады.

Қазақстан құрамасы:
Черемнов Роман – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қазымбек Илияс – Астана қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Тюлюбаев Даниэль – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
Аканов Альтаир – Астана қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:
– Самат Максутов – PhD докторы, SDU профессоры;
– Азатжан Байтеков – халықаралық олимпиадалар жүлдегері.

Еске салайық, 2024 жылы Қазақстан құрамасы ISPhO олимпиадасында 5 медаль (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алып, 17 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.

Анықтама үшін: ISPhO (International Scientific Physics Olympiad) – теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұратын беделді халықаралық олимпиада. Олимпиада тапсырмалары Азия физика олимпиадасы (APhO) форматында әзірленеді. Ресми жұмыс тілі – ағылшын.

ISPhО-бұл теориялық және тәжірибелік (эксперименттік) айналымдарды қамтитын халықаралық ғылыми физика олимпиадасы. Теориялық айналымда барлық қатысушылар 3–5 есеп шығарады. Кей есептер компьютерлік модельдеуді қамтиды. Ал тәжірибелік (эксперименттік) айналымда зертханалық жұмыстар, деректерді талдау және өңдеу көзделген. Олимпиада тапсырмалары Физикадан Азия олимпиадасы (APHO) форматындағы деңгейде әзірленеді.

Олимпиаданың ресми жұмыс тілі-ағылшын тілі. ISPhO олимпиадасының ұйымдастырушылары  Ресей Білім министрлігі, Ханты-Манси автономды округі – Югра және Мәскеу физика-техникалық институты болып табылады.

2024 жылы Қазақстан командасы ISPhO олимпиадасында 5 медаль (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алып, қатысушы 17 елдің ішінде жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді.

2025 жылғы Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO) 29 маусым мен 8 шілде аралығында Ресей Федерациясы Ханты-Мансийск қаласында өтеді

3-11 шілде аралығында Ханты-Мансийск қаласында ISPhO халықаралық ғылыми физикалық олимпиадасы өтеді.

Жарыс теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Біріншісінде үш тапсырма бар, олардың бірі компьютерлік модельдеу және талдау элементтерін қамтиды.

Екінші кезеңде деректерді алу және өңдеу үшін компьютерді пайдалануға болатын эксперимент жүргізу керек.

Өткізу тілі — ағылшын.

ISPhO 2024 сайты

 65 оқушы «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері атанды

⚜️ 8–11 сынып оқушылары арасында өткен XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы аяқталды. Биылғы байқау халықаралық мәртебе алып, ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды.

🌏 Байқау бес номинация бойынша өткізілді. Алғашқы кезеңге 1300-ден астам оқушы қатысса, олардың тек 112-сі финалға өтті, оның ішінде 39-ы ауыл мектептерінің оқушылары. Сонымен қатар Алтай өлкесі, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түрікменстан елдерінен 20 халықаралық қатысушы бақ сынады.

💫 Байқау нәтижесі бойынша 65 оқушы жүлдегер атанды:

🥇 I дәрежелі диплом мен алтын медаль — 15 оқушыға;
🥈 II дәрежелі диплом — 20 оқушыға;
🥉 III дәрежелі диплом — 30 оқушыға берілді.

🔹 Қосымша 20 оқушыға Құрмет грамотасы табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

🌍 Халықаралық қатысушылар арасынан да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды:
1. Бүркітбаев Саяқ — Өзбекстан
2. Байдөлетова Айнұр — Түрікменстан
3. Айдос Нұрмағанбет — Моңғолия
4. Үсенбаева Арайлым — Өзбекстан

Сондай-ақ, Маңғыстау облысынан Айберікұлы Алмаз «Абай» журналының арнайы жүлдесін иеленді.

📌 Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы.

Сілтеме
Камера №1 Қарау
Камера №2 Қарау
Камера №3 Қарау
Камера №4 Қарау
Камера №5 Қарау
Камера №6 Қарау

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 18 - 21 маусым  аралығында Семей қаласыда жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХVI республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді. Биылғы жылы Конкурс Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай оқулары халықаралық деңгейде өткізіледі

Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық.

Абай оқуларының республикалық кезеңі 5 номинациядан  тұрады:

  1. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларын мәнерлеп оқуына және санына байланысты бағалайды.
  2. ⁠«Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі, саны, қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруімен бағаланады.
  3. ⁠«Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында оқушының Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады. Номинацияда орындалған өнер туындыларының қайталанбауы шарт. Ол үшін әр оқушы кем дегенде үш шығармаға дайындалып келуі керек.
  4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша оқушылардың өз өлеңдері бағаланады. Бір өлеңі ұсынылады және сол өлеңі оқылады. Қажет болған жағдайда қазылар алқасы тарапынан тапсырма ұсынылады.
  5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша оқушы Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы керек. Қазылар алқасы тарапынан сұрақтар ұсынылып, берілген жауап бағаланады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 308 кабинет,  тел: +7 (7172) 57-65-63, е-mail: info@daryn.kz.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 10-13 маусым күндері аралығында Семей қаласы мен Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV Мерейтойлық республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізілді.

Дәстүрлі жыл сайынғы Абай оқулары Абай облысы әкімдігінің қолдауымен Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында өтті.

Абай оқуларының негізгі мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.

Ережеге сәйкес, «Абай оқулары» байқауы үш кезеңнен тұрады: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық (қорытынды).

Абай оқуларының республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан командалар қатысты. Абай оқуларының республикалық қорытынды кезеңіне өз облысының жеңімпазы атанған, Абай шығармаларын жетік білетін, өз мектептерінен озып шыққан талантты 131 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Абай оқуларының қатысушыларына мазмұнды мәдени - танымдық бағдарлама дайындалды: Семей қаласында биологиялық орталықты аралап, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды және Семей ядролық полигон құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етті. Сондай-ақ, Абай ауданының шекарасында Абай ауданының әкімдігі, білім беру бөлімі барлық қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Қатысушылар мен жетекшілер Бөрілідегі Абай және М.Әуезов мұражайына және Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат жасап, «Еңлік-Кебек», Шілікті кезеңдегі театрландырылған көріністерді тамашалады. Абай оқуларының өткізілу барысында Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің жанынан 5 киіз үй көтеріліп қатысушылар ашық аспан аясында тамақтанды. Оқушылар өз өнерлерін ашық амфитеатрда көрсетті. ХХV Республикалық Абай оқуларының ашылу салтанаты Семейдегі Абай театрында өтсе, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Қарауылдағы мәдениет үйінде өтті.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 49 оқушы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс және қола медалдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 6 оқушы,  ІІ дәрежелі дипломға - 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 25 оқушы ие болды. Орын алған қатысшуыларға бағалы сыйлықтар да тапсырылды. Бірінші орын, яғни жеңімпаздарға байқаудың демеушілері ноутбук табыстады. Ал екінші орынға ұялы телефон табысталса, үшінші орынға «Smart колонка Яндекс»  табысталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен 18 оқушы, номинация дипломдарымен (демушілердің ақшалай сертификаттары) марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар мен Абай оқуларының бекітілген логотипі бар футболкалар мен кепкалар берілді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы марапаттау рәсіміне арнайы келіп қатысып, жеңімпаз атанған 4 оқушыға 4 жылдық тегін оқу гранттын табыстады. Атап айтсақ, Абай облысының 2 оқушысы - Құрметұлы Дінмұхамет, Жәнібекқызы Балғын; Жетісу облысынан – Сәрсенбай Аяжанға және Жамбыл облысынан - Қурбанмуратова Азизаға - берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі.

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты – Абай  Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен  XXIV  Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.

 

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 13 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 19 қатысушы және III  дәрежелі дипломмен 24 қатысушы марапатталды.

 

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады. Жалпы есеппен «Бас жүлдені» Шығыс Қазақстан облысы жеңіп алса, Абай облысы 1-орынды, Қарағанды облысы 2-орынды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары 3-орынды иеленді.

 

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.

Тізім

Жеңіс тұғырынан көрінген жас абайтанушыларды құттықтаймыз!

Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының білім басқармаларына,

ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне»,

Республикалық білім беру ұйымдарына,

Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық

ғылыми-практикалық орталықтарына

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 8 - 11 тамыз күндері аралығында Семей қаласы, Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында  жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХIV  республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы  эстетикалық  талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқуларының Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Абай оқулары ережеге сәйкес аудандық (қалалық), облыстық республикалық кезеңдерден тұрады және 6 номинация бойынша өтеді.

Республикалық қорытынды кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр командада 6 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) және 1 (оқушының жанына ілесіп жүруші) жетекші болуы тиіс.

Іссапар кезінде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі команда жетекшілеріне жүктеледі.  Қатысушылардың Семей қаласына келу күні – 8 тамыз, таңғы сағат 08:00 ге дейін, кері қайту күні – 10 тамыз, жабылу салтанатынан кейін.  Салтанатты ашылу рәсімі – 8 тамыз, сағат – 18.00, жабылу рәсімі – 10 тамыз, сағат – 09.00 (Барлық көрсетілген уақыттар Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Абай оқуларының өту барысында қатысушылардың жатын орны мен тамақтануы «Дарын» РҒПО есебінен, ал жетекшілердің шығындары (жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен төленеді. Қатысушылар мен жетекшілердің Семей қаласына келуі мен кері қайту жол билеттері де жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Республикалық кезеңге сұраныс хатты 2022 жылғы 1-тамызға  дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне info@daryn.kz жіберу қажет. Сұраныс хат үлгісі:

 

№№ Қатысу-

шының аты-жөні

ЖСН нөмірі Облысы/

қаласы/

ауданы

Мек-тебі Сыныбы Номинациясы Дайында

ған мұғалімнің/жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

Семей қаласына келуі мен кері қайту кестесі (автобусы, пойызы, вагон №, уақыты)

 

Директор                                                                                        Г.Тұрсынов

 

Орындаған: З.Аманова

Байланыс тел.: 8/7172/570160

Биылғы жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 126 оқушы қатысты. Дәстүр бойынша ауқымды шара Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында өтті.

Абай оқуларының қорытындысы бойынша 57 оқушы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 12 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 19 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 26 оқушы ие болды.

Сонымен жеңімпаздардың есімімен таныс болайық!

 

І дәрежелі диплом иегерлері:

 

Облысы Қатысушының толық аты-жөні Мектебі Сыныбы Жүлделі орны
1 Жамбыл облысы Кудайберген Хафиза Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 орта мектебі 8 1
2 Абай ауданы Қалиева Құралай Абай ауданы, Көкбай атындағы орта мектебі 10 1
3 Шығыс Қазақстан облысы Нуркина Роксолана Шемонаиха ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №3 ЖОББМ 9 1
4 Нұр-Сұлтан қаласы Махмутова Ақнұр Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимнахиясы 8 1
5 Маңғыстау облысы Аушанов Ерсұлтан Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебі 10 1
6 Абай ауданы Шалқарқызы Қарақат Абай ауданы, Қарауыл гимназиясы 9 1
7 Ақмола облысы Аленхан Дилназ Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернаты 10 1
8 Атырау облысы Қаби Айдана Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия 11 1
9 Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты Серікқызы Аққу Абай ауданы, "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты" КММ 11 1
10 Ақмола облысы Рамазан Айым Астрахан ауданы, Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 8 1
11 Шығыс Қазақстан облысы Қалимолда Жұлдыз Тарбағатай ауданы, Абай атындағы орта мектебі 8 1
12 Қарағанды облысы Эшкулова Ақшархат №61 жалпы білім беретін орта мектеп 8 1
ІІ дәрежелі диплом иегерлері
Облысы Қатысушының толық аты-жөні Мектебі Сыныбы Жүлделі орны
1 Қарағанды облысы Наурызбаева Алина №61 жалпы орта білім беретін мектеп 8 2
2 Маңғыстау облысы Аминова Ақсымбат Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебі 8 2
3 Түркістан облысы Эргашева Элнура Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған дарын мектеп-интернаты 11 2
4 Шығыс Қазақстан облысы Бақытбек Бекжан Өскемен қаласы, ДБА Жамбыл атындағы ОММГИ 8 2
5 Абай облысы Мыңбаева Меруерт 2
6 Алматы облысы Шералиева Ариаш Алматы облысы, Қаратал ауданы , №13 орта мектеп 9 2
7 Қарағанды облысы Қайратова Еркежан Ыбырай Алтынсарын атындағы ЖББМ 8 2
8 "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Базарбайұлы Сырсұңқар Қызылорда қ. ХББ Назарбаев зияткерлік мектебі 10 2
9 Жамбыл облысы Шораев Аян Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты 8 2
10 Павлодар облысы Дорбетхан Аружан Ақсу қаласы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі 10 2
11 Абай облысы Оразанбаев Еркебұлан 2
12 Түркістан облысы Тасболатова Балнұр Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназиясы 9 2
13 Павлодар облысы Сайыпова Асем Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы 10 2
14 Жамбыл облысы Қыдырбай Тоғанай М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы 8 2
15 Қарағанды облысы Изат Нұрғасыр 61 жалпы білім беретін орта мектеп 8 2
16 Абай атындағы РММИ Қайып Айдана Абай атындағы РММИ 10 2
17 Маңғыстау облысы Жақсылық Гүлдана Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясы 10 2
18 Шығыс Қазақстан облысы Омаргалиев Дидар Зайсан ауданы, Мукарама атындағы орта мектебі 10 2
19 Абай атындағы РММИ Шаймаханбет Арай Абай атындағы РММИ 9 2
 

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері

Облысы Қатысушының толық аты-жөні Мектебі Сыныбы Жүлделі орны
1 Алматы облысы Алаудин Сая Алматы облысы, Іле ауданы, №28 орта мектеп 8 3
2 Атырау облысы Елеуова Айзере Саттибековна Атырау облысы Береке орта мектебі 10 3
3 Қостанай облысы Азаматқызы Саяжан Амангелді ауданы, Жасбуын жалпы білім беретін мектебі 8 3
4 Нұр-Сұлтан қаласы Арғынбаева Ұлпан Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясы 9 3
5 Алматы қаласы Саматқызы Даяна №128 ЖББМ 10 3
6 Қостанай облысы Жаңбыршы Томирис Арқалық қ.,Ш. Уәлиханов ат. № 1 жалпы білім беретін мектебі 10 3
7 Солтүстік Қазақстан облысы Аракелова Ангелина М.Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ 9 3
8 Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты Орынбекова Айгүл Ержанқызы Абай ауданы, "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты" КММ 11 3
9 Абай ауданы Оралбаева Ақнұр Абай ауданы, С.Бекбосынов атындағы орта мектебі 10 3
10 Түркістан облысы Закиров Айсұлтан Сайрам ауданы, №33 Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі 10 3
11 Солтүстік Қазақстан облысы Боғдат Бекзат Петропавл қаласы
Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназияы
10 3
12 Нұр-Сұлтан қаласы Дархан Дариға №72 мектеп-лицейі 10 3
13 Абай атындағы РММИ Сейітжанұлы Ерасыл Абай атындағы РММИ 9 3
14 Алматы облысы Игерді Ақтолқын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы , Бәйтерек  ОМ 10 3
15 Жамбыл облысы Тулекова Нүргүл Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимнзиясы 10 3
16 Қызылорда облысы Ерімбет Зарина №93 орта мектеп 9 3
17 Алматы қаласы Әшімжан Нұрайым №92 мамандандырылған лицей 9 3
18 Шымкент қаласы Ғаппар Шұғыла Б. Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектеп 10 3
19 Алматы облысы Еділұлы Асылжан Алматы облысы, Іле ауданы №38 мектеп-гиназия 9 3
20 Қызылорда облысы Алматқызы Гүлім №118 9 3
21 Маңғыстау облысы Романов Нұрқожа Қарақия ауданы, № 7 жалпы білім беретін мектебі 8 3
22 Павлодар облысы Коракова Меруерт Теренкөл ауданы Песчан №2 ЖОББМ 9 3
23 Алматы облысы Дүйсенбекқызы Елігай Алматы облысы, Ескелді ауданы, Б.Жолбарысұлы атындағы  ОМ 10 3
24 Жамбыл облысы Қонақбай Жанерке №1 мектеп-гимназиясы 9 3
25 Қостанай облысы Төреғұл Нұрасыл Жангелдин ауданы, Қ.Қайдосов ат. жалпы білім беретін мектебі 8 3
26 Абай облысы Махсутбек Нұрай Жарма ауданы 8 3

 

1 күн. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ХХІІІ республикалық Абай оқуларының қатысушылары мен жетекшілерін Семей қаласы құшақ жая қарсы алды!

Байқаудың бірінші күні олар Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтің қатысуымен Семедегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, қатысушылар мен жетекшілер Абай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен биологиялық орталықты аралап, Семей ядролық полигон құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етті.

2 күн. Бағдарламаға сәйкес Семейден Абайға жол тартқан күн....

Абай ауданының шекарасында Абай ауданының әкімшілігі, білім беру бөлімі барлық қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Қатысушылар мен жетекшілер Бөрлідегі Абай және М.Әуезов мұражайына және Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат жасап, «Еңлік-Кебек», Шілікті кезеңдегі театрландырылған көріністерді тамашалады. Жидебайдағы Абай мұражай үйіне де саяхат жасады.

Сонымен қатар, Қарауылдағы Мәдениет үйінде байқаудың ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Онда Абай ауданының әкімі Нұржан Абдыкаримов, Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметкалиев және «Дарын» РҒПО директор орынбасары Нұрлан Жұмагелді қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

3 күн. Қатысушылар Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында, Қарауылдағы мәдениет үйінде және Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының базасында, сондай-ақ Абай мұражай үйінің алаңында 6 номинация бойынша өнерлерін көрсетті.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 14-17 тамыз күндері Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық «Абай оқуларын» өткізеді.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ережеге сәйкес, «Абай оқулары» байқауы үш кезеңнен тұрады:

  1. аудандық (қалалық),
  2. облыстық,
  3. республикалық (қорытынды).

Республикалық қорытынды кезеңде 120-дан астам дарынды оқушы 6 номинация бойынша қатыспақ:

  1. номинация – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. (Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды).
  2. номинация – «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абайдың қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.
  3. номинация – «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.
  4. номинация – «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
  5. номинация – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
  6. номинация – «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Қатысушылардың жұмысын білікті қазылар алқасы бағалайды.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады. Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары және бағалы сыйлықтары тапсырылатын болады.

Ауқымды шараның салтанатты ашылу рәсімі 15 тамыз күні сағат 18:00-де, ал жүлдегерлерді марапаттау 17 тамыз, сағат 10.00-ге жоспарланған.

=============

Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі №330 жыл сайынғы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 24-27 тамыз күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты биыл да Абай оқулары қашықтықтан Zoom платформасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды.

Абай оқуларына Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан командалар қатысты. Абай оқуларының республикалық қорытынды кезеңіне өз облысының жеңімпазы атанған, Абай шығармаларын жетік білетін, өз мектептерінен озып шыққан талантты 120 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Абай оқуларының өту барысында ашықтықты айқындау мақсатында (ата-аналар мен дайындаған ұстаздары үшін) «Дарын» РҒПО-ның «YouTube» каналында тікелей эфирде трансляция жүргізілді.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 55 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 17 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 26 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға бағалы сыйлықтар берілетін болады: құлаққаптар (наушники), смарт-білезіктер және Power Bank зарядтау құрылғылары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.

 

І дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының               аты-жөні Облысы Мектебі Сыныбы Жүлделі орны
1 ТлектесАйдана Қостанай облысы Восточный жалпы білім беру мектебі 9 сынып 1
2 Кәріпбай Аружан Шығыс Қазақстан облысы ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ 11 сынып 1
3 Мейрамханқызы Аяулым Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы, "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" 8 сынып 1
4 Әзен Аяулым Қызылорда облысы Қазалы ауданы ,№170 мектеп 11 сынып 1
5 Жұмабек Әліби Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Абай орта мектебі 10 сынып 1
6 Ордабаева Гаухар Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы, Кеңсахара орта мектебі 10 сынып 1
7 Қайдаров Бексұлтан Павлодар облысы Екібастұз қ. №22 орта мектебі 11 сынып 1
8 Елеусінов Бекзат Атырау облысы Атырау облысы Исатай ауданы Исатай орта мектебі 10 сынып 1
9 Дусаева Асель Ақтөбе облысы Қобда ауданы, И.Тайманов атындағы гимназия 11 сынып 1
10 Жұмашева Дильназ Атырау облысы Атырау облысы Махамбет ауданы Алға орта мектебі 9 сынып 1
11 Жуматай Айзере Қостанай облысы А.Нұрманов атындағы жалпы білім беру мектебі 9 сынып 1
12 Серикказинова Амина Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы, №1 Ақшәулі ЖББОМ 9 сынып 1
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1 Эшкулова Ақшархат Қарағанды облысы №61 Жалпы білім беретін орта мектеп 9 сынып 2
2 Жақсылық Гүлдана Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия 9 сынып 2
3 Әділғазиева Ақбота РББҰ Абай атындағы РММИ 10 сынып 2
4 Алтынбек Айшабибі Павлодар облысы Екібастұз қ. №33 орта мектебі 10 сынып 2
5 Наурызбаева Алина Қарағанды облысы №61 Жалпы білім беретін орта мектеп 8 сынып 2
6 Бекенова Айпара Шығыс Қазақстан облысы ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ 9 сынып 2
7 Бекен Шұғыла Қарағанды облысы №61 Жалпы білім беретін орта мектеп 8 сынып 2
8 Ғайса Ажар Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, №42 ОМ 8 сынып 2
9 Асылбекова Асема Нұр – Сұлтан қаласы №56 мектеп-лицейі 8 сынып 2
10 Даярбек Санжар Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, №5 М.Ломоносов атындағы орта мектеп 8 сынып 2
11 Махсутканова Айғаным Нұр – Сұлтан қаласы А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясы 8 сынып 2
12 Несіпбай Шамиль РББҰ Абай атындағы РММИ 9 сынып 2
13 Сәли Аружан Алматы облысы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш орта мектебі 11 сынып 2
14 Қамбарғали Елнар Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы, №14 ОМ 8 сынып 2
15 Хамзина Айару Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, К. Мендалиев атындағы орта жалпы  білім беретін мектебі 8 сынып 2
16 Сабитова Меруерт Ақмола облысы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі 8 сынып 2
17 Төлеубай Ұлжан Павлодар облысы Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы 9 сынып 2
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1 Жекебай Тілек Алматы облысы Алматы облысы Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі 9 сынып 3
2 Асанқұл Нұрай Жамбыл облысы Меркі ауданы, Тілеміс батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектеп 8 сынып 3
3 Нүптеке Иманғали Павлодар облысы Екібастұз қ. "Зерде" мамандандырылған мектебі 11 сынып 3
4 Қуатбай Алтын Қызылорда облысы Қазалы ауданы,№94 мектеп 11 сынып 3
5 Нұртас Балжан Алматы қаласы №180 Жалпы білім беретін мектеп 8 сынып 3
6 Амангелді Іңкәр Жамбыл облысы Меркі ауданы, №44 жалпы орта білім беретін мектеп 9 сынып 3
7 Төлеубай Райымбек Ақмола облысы Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі 8 сынып 3
8 Алдамжарова Гулбану Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы, №3 Мәртөк орта мектебі 9 сынып 3
9 Мелдеханов Үсен Шымкент қаласы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы 10 сынып 3
10 Қанаш Айғаным РББҰ Абай атындағы РММИ 10 сынып 3
11 Аманбек Айжан Алматы облысы Алматы облысы Көксу ауданы Жамбыл атындағы орта мектеп 8 сынып 3
12 Қабжан Армангүл Қостанай облысы № 15 жалпы білім беру мектебі 8 сынып 3
13 Қалдан Серік Түркістан облысы Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектебі 9 сынып 3
14 Тілеуғазина Айсана Шығыс Қазақстан облысы ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ 11 сынып 3
15 Садыржан Ақжол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
Бостандық ОМ
9 сынып 3
16 Тоқтасынова Аружан Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы, №5 ЖОББМ 10 сынып 3
17 Төлеуғалиев Нұрлыбек Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Алмалы жалпы орта білім беретін мектебі 9 сынып 3
18 Бексұлтан Дарын Алматы қаласы №108 Жалпы білім беретін мектеп 11 сынып 3
19 Тұрсын Мерует Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау
ауданы Саумалкөл қазақ орта мектебі
9 сынып 3
20 Садақбаева  Інжу Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы 9 сынып 3
21 Құлажан Қарақат Нұр – Сұлтан қаласы  А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясы 9 сынып 3
22 Дәулетбек Думан РББҰ Абай атындағы РММИ 11 сынып 3
23 Сауран Гүлзат Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы 9 сынып 3
24 Букенова Аружан Қарағанды облысы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 10 сынып 3
25 Қамбар Мөлдір Түркістан облысы "Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 10 сынып 3
26 Шолдан Назерке Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, № 21 жалпы білім беретін мектеп 10 сынып 3
«Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен:
1 Рашит Султана Ақмола облысы Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы 9 сынып грамота
2 Жоламан Диана Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ.
№25 жалпы білім беретін орта мектеп
10 сынып грамота
3 Сәкенқызы Қарақат Атырау облысы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі 9-сынып грамота
4 Алтынбеков Тұрсынбек Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, № 7 жалпы білім беретін мектеп 10 сынып грамота
5 Жалғасбайқызы Дана Атырау облысы Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебі 8 сынып грамота
6 Башарова Дарига Ақмола облысы Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 8 сынып грамота
7 Қайратқызы Сабина Атырау облысы Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия 9 сынып грамота
8 Саттархан Мерей Шымкент қаласы №136 жалпы орта білім беретін мектебі 9 сынып грамота
9 Қызырқожа Мұратбек Алматы облысы Алматы облысы Панфилов ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі 9 сынып грамота
10 Тоққожаев Жамбыл Қостанай облысы Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы 10 сынып грамота
11 Болысбек Даниял Түркістан облысы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы 11 сынып грамота
12 Шалқарқызы Қарақат Шығыс Қазақстан облысы ШҚО ББ Абай ауданы бойынша  білім  бөлімінің «Жалпы  білім  беретін  қарауыл  гимназиясы» КММ 8 сынып грамота
13 Нуртаза Диас Ақмола облысы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі 8 сынып грамота
14 Аханай Аққалқа Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, №1 орта мектеп 8 сынып грамота
15 Мұратбекова Ақерке Алматы қаласы №161 Лицей 10 сынып грамота
16 Жолмұханов Орынхан Ақтөбе облысы "Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ 10 сынып грамота
17 Рысбайқызы Шаттық Атырау облысы Атырау облысы Махамбет ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі 8-сынып грамота
18 Мекенбай Нұрай Шымкент қаласы №2 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты 9 сынып грамота
19 Жарылқасын Мейірхан Шымкент қаласы Кенесары Қасымұлы атындағы №82 жалпы орта білім беретін мектебі 8 сынып грамота

 

Ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін салушы, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, ағартушы Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлттық мақтанышы, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 24-27 тамыз күндері аралығында  жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізеді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Абай оқулары онлайн форматта өткізілмек.

Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық  талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» командалар қатысады. Әр командада 6 оқушыдан (әр номинацияға - 1 оқушы) және 1 жетекшіден болуы тиіс.

Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан тұрады:

1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. (Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды).

2 номинация - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абайдың қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.

3 номинация - «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.  Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.

4 номинация - «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5 номинация - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.

6 номинация - «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Абай оқулары қашықтықтан онлайн форматта Exam.net және Zoom платформаларының көмегімен ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, қатысушы командаларды (6 оқушыны) дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтарға жинау қажет.

Абай оқуларына қатысу үшін техникалық талаптар:

  • үздіксіз жоғары жылдамдықты интернетке ие компьютердің болуы (2 Мбит / с төмен емес);
  • қатысушының кабинетінде орнатылған немесе сыртқы бейнекамераның болуы;
  • барлық қатысушылардың компьютерлерінде Zoom платформасының орнатылуы.
  • микрофонның болуы;

Абай оқуларының ашылу салтанаты 2021 жылғы 24 тамыз күні сағат 11:00 де, жабылуы 27 тамыз күні сағат 17.00 де онлайн форматта өтеді.

Абай оқуларына қатысушыларды тіркеу үшін 2021 жылғы 18 тамызға дейін Google forms платформасында кестені толтыруларыңызды сұраймыз, сондай-ақ марапаттау рәсімі үшін қатысушының 9х12 мөлшерде (биіктігі – 120 мм, ені – 90 мм) суреті қажет, суреттегі артқы фонның түсі ақ болуы және артық заттың болмауы керек. (Суретті m.bidauletova@daryn.kz почтасына жіберу қажет).

Абай оқуларының ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Абай оқуларының бағдарламасы, нұсқаулығы, сілтемесі қосымша берілетін болады.