Қазақстанның үздік олимпиадалық командаларының сапалық рейтингі жасалды

🏅 Сапалық рейтинг белгіленген формула бойынша есептеледі: алтын медаль – 3 ұпай, күміс – 2 ұпай, қола – 1 ұпай. Жинақталған ұпай қатысушылар санына бөлініп, әр өңірдің дайындық тиімділігін көрсететін орташа коэффициент шығарылады.

🖇 Бұл тәсіл оқушылардың олимпиадаларға қаншалықты тиімді дайындалғанын көрсетіп, еліміздегі ең нәтижелі командаларды айқындауға мүмкіндік береді.

ℹ️ Анықтама: 2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің жеті өңірінде өткізілді. 751 оқушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, 40 жүлдегер отандық жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болды.

⏩️ Жүлдегерлер туралы толық ақпарат карусельде

2024-2025 оқу жылына арналған ауыл мектептерінің республикалық пәндік олимпиадасының қорытынды рейтингісі жарияланды

🏔️📚2024-2025 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 13 пән бойынша 4 кезеңде өткізіліп, оған республика бойынша 113 мың оқушы тіркелді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 34 133 оқушыға (30%) артық.

🇰🇿Республикалық кезеңге 933 оқушы қатысты, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 193-ке артты. Олимпиаданың алғашқы жылында республика көлеміндегі 4 804 ауыл мектебінің 518-і қатыспаған болса, биыл бұл көрсеткіш 505-ке азайды. Алайда қатарынан екі жыл бойы қатыспаған 157 мектеп анықталды.

🏅Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 221 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 42, ІІ орын – 62, ІІІ орын – 117.

🎖️Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 200 оқушы марапатталды: І орын – 36, ІІ орын – 65, ІІІ орын – 99.

🏆Олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік 9 ауыл мектебі анықталды.

🔖ЖОО ректорлық гранттары – 21 жүлдегерге, «РФММ» КеАҚ оқу гранты – 6 оқушыға табысталды.

👩🏻‍💻👨‍💻Финалға өткен барлық 933 оқушы үшін «Дарын» онлайн мектебі ұйымдастырылды.

📈Ережеге сай, олимпиаданың 78 жеңімпазы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадаға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болып, нәтижесінде 21 оқушы жүлделі орындарға қол жеткізіп, «Үздік ауыл оқушысы» атағын иеленді. Бұл ауыл оқушыларының республикалық олимпиададағы сапалық үлесін 26,9%-ға жеткізді (өткен жылы – 24,6%).

🔗Ауыл мектептеріндегі білім сапасының артып келе жатқаны және дарынды оқушылармен мақсатты, жүйелі жұмыс жолға қойылғаны осы нәтижелерден анық көрінеді.

🤝🏻Олимпиадаға белсене қатысқан барлық оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да ауыл мектептерінен шығатын зияткер, білімді жастардың қатары арта беретініне сенеміз.

Дабыл батырмалары, буллингке қарсылық және тәлімгерлер – Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда

📌 1 маусымда елімізде Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жас ұрпаққа сапалы білім алуға тең қолжетімділік беру және оқу үшін қауіпсіз, қолайлы жағдайлар жасау. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы әрбір баланы дамытуға, олардың құқықтарын қорғауға және тұтастай алғанда білім беру жүйесін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асырады.

⏩ Бүгінде Қазақстанда 6,9 млн бала тұрады, оның 3,9 млн-ы оқушылар, 1 млн-нан астамы балабақшаға барады, ал 556 мыңы колледждерде оқиды.

🔆 2024 жылы құқықтық базаны күшейтіп, балаларды қорғаудың пәрменді тетіктерін енгізуге ықпал еткен үш негізгі заң қабылданды. Олардың қатарында жетім балаларға тәлімгерлік туралы заңдар, сондай-ақ буллингке қарсы күрес, қауіпсіздікті нығайту және кәсіби патронаттық тәрбиені құру шаралары бар. Нәтижесінде жетім балалардың 82%-ы отбасында тәрбиеленеді, ал 3 мыңнан астам жаңа жанұя тауып, 330 адам тәлімгер болды, ал қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артты. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап отбасылық құрылымның жаңа нысаны – кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.

🏢 Президенттің тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың орындық 217 мектеп салынуда, 105 мектеп тапсырылды, оның 44%-ы ауылдық жерлерде. 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушыға арналған 1200 мектеп салынды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған, 2025 жылы бұл көрсеткіш 95%-ға дейін артады. Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады.

➤ Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Дабыл батырмалары мен турникеттер орнатылды, лицензияланған күзет енгізілді және қауіпсіздік нұсқаулары күшейтілді.

➤ Буллингке қарсы күрес жүргізілуде. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Күрес шаралары аясында финдік Kiva және отандық ДОСБОЛLiKe бағдарламалары жұмыс істейді, «Кибер Тұмар» және «Ата-ана бақылауы» науқандары өткізіледі, «Менің бауырым» жобасы іске асырылуда.

➤ Бұл ретте психологиялық қолдау орталықтарының рөлі маңызды. 2024 жылы 250 мыңнан астам оқушы мен олардың отбасылары көмек алды. Медиация қызметтері мен балалар омбудсмендері жұмыс істейді, тәлімгерлер психологиялық дайындықтан өтеді.

🔆 2024 жылы 510 мың бала 22,2 млрд теңге сомасына «Жалпыға бірдей оқыту» қоры арқылы көмек алды. Көмектің орташа мөлшері әр балаға 43 407 теңгені құрады. 1,7 млн-нан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде жекеменшік мектептердің 1-4 сыныптарының 25 мың оқушысы бар. Әлеуметтік қолдау аясында кейбір өңірлерде оқушылар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған.

➤ Инклюзивті білім беруді дамыту аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 85%-ы қазірдің өзінде қолдау алады. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» жеке Заң әзірленуде, оның ішінде отбасы мен баланы қолдаудың ведомствоаралық тетіктері бар.

➤ Қосымша білім берумен қамту 86,3% немесе 3,3 млн баланы құрады. 2025 жылы 3,2 млн оқушы жазғы демалысқа шығады, оның ішінде 500 мыңы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар.

🔆 Кәсіптік білім беру жүйесі дамуда. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды: жоғары сынып оқушылары біліктілікке ие болады, ал түлектер колледж дипломдарын алады. 30 мыңнан астам оқушы кәсіби диагностикадан өтті, колледж түлектерінің 81%-ы жұмысқа орналастырылды. Жұмыс берушілермен бірлесіп 8 мыңнан астам бағдарлама әзірленді. 4 мыңнан астам кәсіпорын колледждермен ынтымақтастық орнатты, 8 жаңа жатақхана іске қосылды. Студенттік шәкіртақы 2 есе көбейді, ал 2,5 млн оқушы кәсіптік бағдарлаумен қамтылды.

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды

📌 Медициналық және әлеуметтік қолдау жүйесін толықтыра отырып, мемлекет болашақ ұрпақ үшін қаржылық тұрақтылықтың ұзақмерзімді тетіктерін енгізуде. Мұндай тетік 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы болды.

🔆 Жобаны Үкімет Қаржы министрлігі арқылы іске асырады және Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді. Жинақталған қаржыны тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалануға болады.

➤ Бағдарлама ресми түрде 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Оның шеңберінде 2006 жылдан бастап туылған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.

🔷 Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам – 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына $100,52 есептелді.

➤ Есептеудің жалпы сомасы $695,5 млн-ды құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды.

↗️ 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер $129,38 құрады.

🔆 Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – $232,94. Ұлттық қордан берілген жалпы сома $1,5 млрд-ты құрады.

⏩ Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы $11 млн 399,1 мың. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және $6, 647,9 млн төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және $4,751,2 млн төленді.

🔘 Бүгінгі таңда «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы әрбір баланың болашағы үшін қаржылық база құруға бағытталған ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау нысаны болып саналады.

2024-2025 оқу жылының қорытындысы: қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль жеңіп алды

🏆 2024-2025 оқу жылында еліміздің дарынды оқушылары халықаралық білім додаларында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 362 медаль түсті. Оның ішінде 41 алтын, 127 күміс және 194 қола жүлде бар.

👩‍🎓 Жалпы есеп бойынша халықаралық сайыстарға 752 оқушы қатысып, олардың әрбір екіншісі елге жүлдемен оралды. Бұл – қазақстандық оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі.

📚 Оқу жылы барысында еліміздегі мектеп оқушыларының 40 пайыздан астамы республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарға қатысты. Әсіресе, әлемдік және Азия деңгейіндегі беделді олимпиадаларда білім-білігімен, тапқырлығымен дараланған оқушылар қатары артты.

🥇 Елордалық 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова физикадан Азия олимпиадасында «ең үздік қатысушы» деп танылды. Маңғыстау облысынан Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша лингвистикадан «ең мықты лингвист» атанып, Қазақстан тарихында бұл саладағы алғашқы алтын жүлдені иеленді. Шығыс Қазақстаннан Алдияр Амангелді Орталық Азияның «ең үздік информатигі» мәртебесіне ие болса, маңғыстаулық Меңдіғали Қалдыбай химиядан Менделеев халықаралық олимпиадасында зертханалық жұмыс бойынша үздік нәтиже көрсетіп, «ең үздік практик» атағын алды.

🤖 Бұдан бөлек, отандық оқушылар химия пәні бойынша әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиадада екі мәрте жеңімпаз атанып, FIRST Global Challenge робототехника чемпионатында үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстандағы білім беру сапасының халықаралық деңгейде мойындалуының нақты дәлелі.

💰 Айта кетейік, еліміз – халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қаржылай қолдау тетігін жүйелі түрде іске асырып отырған мемлекеттердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылы халықаралық білім сайыстарында үздік нәтиже көрсеткен 26 оқушы мен оларды даярлаған ұстаздарға ақшалай сыйақы табысталды.

📅 Жыл соңына дейін Қазақстан құрамасы 17 халықаралық олимпиадаға қатысады деп жоспарланып отыр.

2024-2025 оқу жылында қазақстандық оқушылар 362 медаль олжалады

🗣️Биылғы оқу жылында қазақстандық дарынды балалар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль, оның ішінде 41 алтын иеленді. Еліміздің намысын қорғаған әрбір екінші қатысушы жүлдемен оралды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

🥇Әлемдік және Азия деңгейіндегі олимпиадаларда қазақстандық оқушылар ерекше білімімен, зеректігімен көзге түсті. Оның ішінде ерекше атап кетейік:

• Маңғыстау облысынан Рамазан Бутантаев – Азия-Тынық мұхиты аймағының «ең мықты лингвисі» деп танылды;

• Елордалық 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова Азия физика олимпиадасында «ең үздік қатысушы» атанды;

• Шығыс Қазақстан өңірінің оқушысы Алдияр Амангелді Орталық Азияның «ең үздік информатигі» мәртебесіне ие болды;

• Маңғыстау облысынан Мендіғали Қалдыбай химия пәні бойынша зертханалық жұмыстан 40 елдің қатысушылары арасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, «Ең үздік практик» атанды.

🏆Бұдан бөлек, қазақстандық оқушылар химия пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиадада екі мәрте чемпион атанды және First Global Challenge робототехника чемпионатында үш дүркін әлем чемпионы болды.

💰Бүгінде Қазақстан – халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қаржылай ынталандыру жүйесін енгізген бірден-бір ел. 2024 жылы беделді халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен 26 оқушыға 77,5 млн теңге және оларды дайындаған 24 мұғалімге 6,4 млн теңге сыйақы берілді. Олимпиаданың алтын жүлдегерлері 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), күміс медаль иегерлері – 1000 АЕК, ал қола медаль иегерлері 500 АЕК көлемінде сыйақы алды.

Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді

💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі – халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды.

⚡️ IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

✔️ Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.

🎖 Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды.

PRIMEMINISTER.KZ РЕДАКЦИЯСЫ 2023 ЖЫЛДЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРЛІ САЛАЛАРДАҒЫ ДАМУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАР СЕРИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

Биыл ел бойынша 137 мың оқушығаарналған165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.

210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті.

Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.

1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.
Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.

2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді.

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.

Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.

Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.

Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда.

Толығырақ primeminister.kz сайтында.
https://t.me/KZgovernment

Қазақстан құрама командасының Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасында қатысу қорытындысы туралы ақпарат

Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics (EJOI) 2017 жылдан бастапөткізілуде. Олимпиада  Европа елдерінен жас программистер арасындағы жарыс болып табылады.

Ең алғашқы EJOI 2017 жылы Болгарияда, кейн 2018 жылы Татарстанда, 2019 жылы  Словенияда өткен болатын. 2020 жылы Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасы Грузияда болуы тиіс еді. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты EJOI 2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы онлайн режимде өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Биылғы жылы Олимпиадада 27 мемлекеттен 92 оқушы қатысты. Белгіленген ереже бойынша әр елден  15 жастан аспаған 4 оқушы қатысады. Қазақстанда құрама команда  мүшелері – информатика пәні бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Олимпиада үлгісі Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға ұқсас. Жарыс екі турдан тұрады. Әр турда оқушылар төрт сағатта үш тапсырманың шешімін табуы керек.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрама командасы бұл Олимпиадада осы жылы алғаш рет қатысты. Соған қарамастан, нәтижелеріміз өте жақсы.

Барлық төрт қатысушы жоғары марапатқа ие болды:

  1. Ван Ли – Алматы  қаласындағы РФММ оқушысы – алтын медаль;
  2. Таймас Корганбаев – Алматы  қаласындағы № 165 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;
  3. Адиль Султанов – Атырау  қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім – Инновация» лицейінің оқушысы  –  қола медаль.
  4. Рамазан Пердебай – Караганды қаласындағы Н. Нурмаков атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы – қола медаль.

Құрама команданы  осы жеңістерімен құттықтаймыз! Оларды дайындаған жаттықтырушы Маткаримов Бакыт Тургамбаевич – Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының биосенсорлар және биоқұралдар зертханасының жетекшісі.