Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы  10-ақпандағы №43 бұйрығына сәйкес, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 21-25 ақпан күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қорытынды кезеңін өткізгендігін хабарлайды.

Конкурс Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебі» базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Халықаралық формат үлгісінде офлайн форматта өткізілді.

Конкурсқа 595 жобамен 748 оқушы қатысты, оның ішінде 87 оқушы ауылдық жерлерден келген оқушылар. Конкурстың ережесі бойынша қорытынды кезеңнің қатысушылар санының 45%-ы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Конкурстың қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің 336 жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом мен алтын медальға 66 қатысушы ие болса, ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальға 100 қатысушы ие болды. Ал, ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальді 175 қатысушы иеленді. Сонымен қатар, «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен 68 қатысушы марапатталды.

Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, яғни Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеттері 56 ректорлық білім гранттарын бөліп,  дарынды балаларға қолдау көрсетті. Оның ішінде 26 грант иегерлері ауыл мектептерінің оқушыларына, 1 грант халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қатысушыға (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға) бөлінді.

РҒЖК 2022 ҚОРЫТЫНДЫСЫ

РКНП-2022 қорытынды (жалпы) ХАТТАМАСЫ

Биология

Информатика

Қолданбалы математика

Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

Математика

Жер және ғарыш туралы ғылым

Техника

Физика

Тіл білімі (ағылшын тілі)

Өлкетану

Қазақ әдебиеті

Этномәдениеттану

Экономика

Химия

Тіл білімі (орыс)

Тіл білімі (қазақ)

Тарих

Әдебиет (орыс)

Адам және қоғам

РҒЖК-ның фото және видео материалдары 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы           5 қарашадағы №555 «2021-2022 бұйрығына сәйкес, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) ІІІ кезеңі бойынша сараптама нәтижесінің қатысушылар тізімін жариялайды.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 817 қатысушының 638 жоба жұмыстары сараптамадан өтіп, 497 оқушының 389 жоба жұмыстары Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысатын болады. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша сараптамадан өткен оқушылар тізімі мен талдау нәтижелері 1,2-қосымшада көрсетілген.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №555 «2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) бұйрықта көрсетілген мерзім бойынша кезең-кезеңдерімен өткізуде.

Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңіне 23621 жұмыспен 27198  оқушы тіркелді. Оның ішінде 8505 ауыл оқушылары (35%).

Екінші іріктеу (облыстық) кезеңінің 1 турына  -   6590 жобамен  7774 оқушы қатысып, 2 турға 2709 жобамен 3306 оқушы өтті.

Ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсанында республиканың барлық облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, республикалық білім беру ұйымдарында, РФММ КеАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, IQanat HSB арасында Конурстың бейіндік пәндер бойынша тестілеу бір уақытта 4 лек (поток) бойынша өткізілді (14 желтоқсанда 1,2 лек -  жаратылыстану-математикалық бағыты, 15 желтоқсанда 3,4 лек - қоғамдық-гуманитарлық бағыты).

Тестке 2621 жобамен 3159 оқушы қатысып, 1129 жобамен 1942 оқушы шектік балл жинады. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 827 қатысушының 649 жоба жұмыстары антиплагиатқа тексеруге және ғылыми сараптамаға жіберіледі.

РҒЖК-ның іріктеу кезеңіне оқушыларды тестілеу нәтижелері туралы тізімдеме

2021 РҒЖК іріктеу кезеңінен өткендердің сандық деректері

2021 РҒЖК іріктеу кезеңінен өткен ЖМБ бойынша сандық деректер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі-"Дарын" РҒПО) жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының республикалық конкурсында (бұдан әрі-РҒЖК) зерттеу тақырыптарын International Science Engineering Fair (бұдан әрі-ISEF) ресми сайтында тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды.

РҒЖК-ға қатысу үшін барлық оқушылар "Дарын" РҒПО-да зерттеу жұмыстарының тақырыптарын тіркеу қажет. Тіркеу үшін өңірлік орталықтар мен облыстық білім басқармаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан басшының қолы қойылған (1-3-қосымша) өтінім және 2021 жылғы 15 қыркүйекке дейін форма бойынша ІІ кезеңнің есептерін ұсынулары қажет.

РҒЖК-ға 4 бағыт бойынша 16 секцияда қатысады:

І бағыт "ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде"

Секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.

ІІ бағыт "экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу"

Секциялар: математика; Қолданбалы математика; информатика; экономика.

ІІІ бағыт "Салауатты табиғи орта - "Қазақстан-2030"Стратегиясын жүзеге асырудың негізі"

Секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.

ІV. "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар"бағыты

Секциялар: тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және қоғам; әдебиет.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

  • Бірінші кезең – мектепішілік
  • Екінші кезең – облыстық
  • Үшінші кезең-іріктеу (2 тур)
  • бірінші тур – бейіндік пән бойынша тестілеу.

Үшінші кезеңнің қорытындылары жарияланғаннан кейін, Ережедегі 2-қосымшаға сәйкес бейіндік пән бойынша (9-11-сыныптар арасында), сынып пен секцияға сәйкес тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу жүргізіледі;

  • екінші тур – антиплагиат және жұмыстарды алдын ала сараптау.
  • Төртінші (қорытынды) кезең – республикалық. Ғылыми жобаларды қорғау.

РҒЖК жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысады. Командалық ғылыми жобаны орындаушылардың саны екі оқушыдан аспауы тиіс.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша РҒЖК өткізу мерзімдері мен тәртібі туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізіп келеді. Конкурс 2021 жылдың 9 мен 12 ақпан аралығында онлайн форматта өткізілді.

Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңіне 18 557 оқушы  9450 жұмыспен тіркелді. Екінші (аудандық) кезеңінде 8268  оқушы, үшінші (облыстық) кезеңіне 3381 оқушы қатысты.  Конкурстың үшінші кезеңіне 731 жоба өтті, олар бойынша 945 мектеп оқушылары жұмыс жасады.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 567  жоба мен 750  дарынды оқушылар қатысты.

Конкурстың қазылар алқасының шешімімен ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдары  және алтын медальдармен - 60 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальдармен – 99  жүлдегер, ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медальдармен  - 161 жүлдегер марапатталды. Конкурсқа қатысқан оқушылардың 42,7 пайыз марапатталды, яғни 237 ғылыми жоба  жұмыстарымен  320 оқушы жеңіпаздар мен жүлдегерлер атанды.

1 орын

2 орын

3 орын

Грамота

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс)  қорытынды кезеңі  (жобаларды қорғау) 9 ақпаннан 12 ақпанға дейін ZOOM платформасында онлайн режимінде болатындығын хабарлайды.

Жалпы бөлімдер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының IV кезеңіне барлық секциялар бойынша өткен оқушылар тізімі төменде орналастырылған.

Биология

Информатика

Математика

Жер және ғарыш туралы ғылым

Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау

Қолданбалы математика

Техника

Физика

Химия

Экономика