Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) аяқтады.

Ағымдағы оқу жылында пандемияға байланысты Олимпиада қашықтықтан 2 кезеңде математика, физика, биология, химия, информатика және география пәндері бойынша республиканың білім беру мекемелерінің 8 - 9 сынып оқушылары үшін 7 - 8 сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша өткізілді.

Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.

Облыстық кезеңге 558 білім беру ұйымдарынан 1992 мектеп оқушылары қатысты. Математика - 376, физика - 346, химия - 308, биология - 352, информатика - 327, география - 283 қатысушы.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 510 жеңімпаз бен жүлдегер ZOOM және EXAM.NET платформалары арқылы қашықтықтағы форматта 2020 жылы 28 қазанда өткен республикалық кезеңге қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен  І дәрежелі дипломдармен - 43 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 71 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 119 оқушы. Барлығы 233 жеңімпаз бен жүлдегер.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүлделі орындарға сәйкес облыстар арасындағы рейтингті қорытындылады. Дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қ. қатысушылар командасы бірінші орынды иеленді (22 марапат), Павлодар облысының командасы екінші орынды (21 марапат), үшінші орынды Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының (16 марапат) командалары иеленді.

Мектептердің рейтингі халықаралық спорттық және интеллектуалды олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша есептелді: алдымен алтын медальдардың саны, содан кейін – күміс және қола медальдар есептеледі.

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұстаздар мен ата-аналарды олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

 

Date

Қаз 28 2020
Expired!

Labels

Оқушылар қорытындысы 2020